"Үлгілі" жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

» Материалы за 11.10.2018

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мектеп директорының блогы

Автор: admin от 11-10-2018, 23:20, посмотрело: 796

3

 

"Үлгілі" жалпы орта
 
 мектебінің директорының блогына
 
қош келдіңіздер!
 

 

  

 

 

Мектеп директоры: 

Ахментаева А.
 
 
Құрметті достар!

       Мектептің жоғары әлеуетін оқушылар мен педагогикалық ұжым контингентінің біртіндеп сапа жағынан өсуін бағалай келе , білім беру үрдісінде біз өзіміздің сайтымызды  құрдық. Бұл сайтта мектеп туралы толық  мәліметті және мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктері  туралы ақпарат аласыздар.

 

 

 

            Сіздерді бірлесе диалогты жұмыс жасауға шақырамыз! 

 

Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», - деген болатын. Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені түсінікті.

Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер біздің "Үлгілі" жалпы орта мектебінде де жүргізілуде.

«Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады», -деп Жүсіп Баласағұни бабамыз айтып кеткендей,алға қойған мақсатым мен міндетім:қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының білім деңгейімен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі заман талабына сәйкес дамуына,оқушыларды жаңартылған білім беру бағдарламасының талабына сай инновациялық әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігін арттыру.

Сондай ақ білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі. Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен, ұлы ағартушы Шоқан Уәлиханов: «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген. Азат, тәуелсіз мемлекетпіз, енді жүйелі білім беру міндеті ғана тұр. Бұл міндетті абыроймен атқару үшін күні-түні іздену, әлемдегі озық әдіс-тәсілдерді барынша мектеп өміріне ендіру – ұстаздар үшін парыз. Осы бағдарлама толық енгеннен кейін, оқушының білім деңгейінің көтерілуімен қатар, ұстаздар қауымының беделі бұрынғыдан да жоғарылай түсетініне нық сенім білдіремін!

Қорыта келе, ақын Міржақып Дулатовтың «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі — тұман» деген сөздерімен аяқтағым келіп отыр. ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпыеуропалық стнадартқа сай жаңа білім беру - жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол!

 

 

       М.Жұмабаев: «Қазақтың ұлттық мектебі қандай болуы туралы терең пайымдау қажет, қазақтың тағдыры,  келешегі,  мектептің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебіміздің саулық, өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізін құра білмесек,  келешегіміз күңгірт» 

      Бүгінгі таңда бізге артқан сенім өз деңгейінде қалыптасып,мектеп мәртебесі биіктен көрінуде.
      Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың  Қазақстан халқына жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте     оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған. Егемендік  алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы- білім жүйесі. Орта мектеп- білім жүйесінің ең басты буыны.  Орта мектепте  қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады.
     Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше.  Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі  өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында.»-деп атап көрсеткен болатын.                                                                                                                                                                                                                                                

       Елбасының ұстазға артқан сенімін орындау ұстаздар үшін үлкен міндет екенін пайымдап біздің мектептің ұстаздары жаға технологияны меңгеруде біліктілігін  арттыру курстарына барып,  білімдерін арттыруда.
Сонымен бірге  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары,  мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын.  Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық  сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналатындықтан мұғалімдер үш тілді меңгеруді басты міндетіміз деп біліп, білімдерін жетілдіруде.

      Мектебіміздің мұғалімдері нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады.  Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс керек екені даусыз екенін түсінген. Оқу  үрдісін  талапқа сай жүргізуде  мұғалім - басты  тұлға. Сондықтан да  шығар  қазіргі  сабақ  қандай  болу керек, оның  қандай  жақтары  жеткіліксіз, қай  саласына  көп  мән  бөлу керек, күнделікті  сабақтың  сәтті  өтуін  қалай  қамтамасыз  етуге  болады  деген сан  алуан  сұрақтар әрқайсымызды  толғандырып  жүргені  сөзсіз. 
Сабақты  сәтті  ұйымдастырудағы  басты  мақсат - оқушының  сабаққа  деген   қызығушылығын  арттырып, бүгінгі  заман  талабына  сай  білім  беру. Сабақтың  сәтті  өтуі  біріншіден, мұғалімнің  біліміне, іскерлігіне, тәжірибесіне  байланысты  болса,  екіншіден,  сабақ  материалына,  ал  үшіншіден,   сынып  типіне,   төртіншіден  мұғалім  мен   оқушының  көңіл – күйіне  де  байланысты  болатынын ескереді .

Түйіндей келе:«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» деген сөздері әрбір мұғалімнің  жолбасшысы  болу керек деп ойлаймын. 

 

 

 

 

Мектеп ұжымының басты бағыты - уақыт талабына сай оқушылардың өзін-өзі жетілдіруіне жағдай жасап, жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету  мақсатымыз болып табылады.

Біздің сай  қоғамдық өмірдің әр-түрлі салаларында құнды білім мен білік дағдыларын игеруге септігін тигізіп, ашық қарым-қатынас жасауда жәрдемін тигізеді деп үміттенеміз

 
 

 

 


 

 

Категория: Мектеп директорының блогы

 

Мектеп тарихы

Автор: admin от 11-10-2018, 23:17, посмотрело: 107

1

Категория: Негізгі бет