Сабақтың тақырыбы: «Абылай хан» » "Үлгілі" жалпы орта мектебі
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданы білім бөлімінің
"№50 Үлгілі" жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлмесі:
+7 (72534) 5-47-02
Мұғалімдер бөлмесі:
+7 (72534) 6-75-61
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
октябрь
2020

Сабақтың тақырыбы: «Абылай хан»

Сабақтың тақырыбы: «Абылай хан»

 

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылар қазақ тарихында үлкен рөл атқарған мемлекет қайраткері, қол бастаған Абылай хан туралы білетіндерін жаңа мағлұматтар мен кеңейтеді.

2.Оқушылар тарихи әңгімені түсініп оқуға,тарихи деректерді тиімді пайдалана білуге,өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын дамытып,сөйлеу шеберліктерін арттырады.

3.Оқушылар өз елін, жерін сүюге,патриоттық сезімге тәрбиеленеді.

 

Сабақтың көрнекілігі: Шоқан Уалихановтың, Абылай ханның портреттері, «Абылай-мәңгі ел есінде» атты альбом, буклет,сызбалар.

 

Сабақтың түрі: Таным сабақ

 

Сабақтың барысы:

 

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

Психологиялық дайындық.

 

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын.

Бейбітшілік сәтінде

Біздің алар бағамыз

Кілең «5» тік болсын.

 

 

 

 

 

Топқа бөлу.

Оқушыларға Абай Құнанбаевтың, Ыбырай Алтынсариннің, Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары бейнеленген сурет қағаздарын тарқатып, өздері таңдаған шығарма арқылы 3 топқа бөлу.

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Абылай хан»

 


 

 

І – топ«Абай»

ІІ – топ «Ыбырай»

ІІІ – топ «Ахмет»

 

Топбасшыларын сайлау.

Топбасшыларына бағалау парақшасын тапсыру.

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Абылай хан»

 


 

 

 

II.Үй тапсырмасын пысықтау.

 

Жолда. «Абай жолы» романынан үзінді.

 

І-топ:

Түсінктерін айту.

ІІ-топ:

Сұрақ-жауап

1.Абай қайдан келеді деп ойлайсыңдар?

2.Әкесі Құнанбай кімді күтіп отырған тәрізді?

3.Ол баласы Абайды қалай қарсы алды?

4.Құнанбайдың әңгімедегі түр-түсінен, сөйлеген сөзінен қимыл-әрекетінен қандай адам екенін байқауға бола ма?

5.Абайдың сыпайылығы, байқағыштығы қай әрекетінен көрінеді.

ІІІ-топ:

1.Әңгімеге сүйене отырып Абай мен Құнанбайға сипаттама беру.

2.Мұхтар Әуезов жайлы қысқаша әңгімелеу.

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Абылай хан»

 


 

 


 

Сергіту сәті.

Сабақтың тақырыбы: «Абылай хан»

 

 

III.Жаңа сабақ

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Абылай хан»

 


 

 

Мұғалім:

-Бүгінгі жаңа сабағымызда біз сендермен Шоқан Уәлихановтың «Абылай хан» атты мәтінімен танысамыз.

 

 

 


 

 


 

 

Алдымен Шоқан Уәлихановтың өмірбаянына тоқталып өтейік.

üШоқан Уәлиханов 1835 жылы дүниеге келген.

ü Туған жері Қостанай облысы, Құсмұрын өңірі

ü ӘжесіАйғанымның тәрбиесінде болған.

ü Омбы кадет корпусында оқыған.

ü Қазақтың ұлы ғалымы, саяхатшы.

ü «Ыстық көлсапарының күнделігі», «Жоңғария очерктері» атты еңбектері бар.

ü 1865 жылы дүниеден өтеді.

üТалдықорған өңірі «Алтын емел» баурайында жерленген

 

Бүгінгі жаңа сабағымызда Абылай туралы білетінімізді жинақтап, тұжырымдап, оның ерліктерімен танысамыз.

 

Мәтінмен жұмыс (мұғалімнің мәнерлеп оқуы).

 


 

Абылай хан.

 

Абылай1711 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты - Әбілмансұр.

1723 жылы Жоңғарлармен шайқаста Абылайдың әкесі Уәли қаза табады. Дұшпандар оның үй ішін, туған туыстарын түгелдей қырып тастайды. Абылай хан үйінің сенімді көмекшісінің арқасында тірі қалады. Қашып шыққан Әбілмансұр өзінің аты-жөнін жасырады.

Еліді жағалап жүріп Әбілмансұр Төле би ауылына келеді. Төле биге келіп сәлем береді. Оның киген киімі алба-жұлба, шашы өсіп кеткен болады.

Төле би жөн сұраса, аты-жөнімді білмеймін. Атымды сіз қойсаңыз қарсы емеспін дейді. Төле би баланың тегін емес екендігін біліп оған «Сабалақ» деген ат қояды.

Бірнеше жылдан соң ауылына Бөгенбай батырдың келгенін пайдаланып, Сабалақ биден рұқсат алып Жоңғарлармен болған шайқасқа қатысады.

Абылай 1781 жылы дүниеден өтеді. Абылай хан- қайратты қаһарман, батыл қолбасшы, өз елін, туған халқын сүйе білген.

 

Абылай тұлпар мініп ту ұстаған,

Көңілі шапқан жауға суыспаған.

Тұғырдан тоғыз түлек ақ сұңқардай,

Тоятқа айдын-көлден қу ұстаған.

 

Абылай қазақты біріктіруге, оны жаудан қорғауға барынша күш салды. Талай шайқастарда өзінің ерлігімен, тапқырлығымен жеңіс туын желбіретті.

1737 жылы Жоңғарлармен Қазақтар арсында үлкен шайқас болды. Шайқас бірнеше күнге созылды, кезек жекпе-жекке берілді. Жоңғар батыры мен шайқасқа түскен Әбілманұр жауға қарай «Абылайлап» шабады. Жекпе-жек Жоңғар батырының басын алумен аяқталады.

1771 жылы Абылайды қазақ халқы ақ киізге көтеріп, хан сайлайды. Абылай хан болғаннан кейін, бүкіл үш жүздің басын қосып, біріккен күшті қазақ хандығын құрады.

 

«Абылай мәңгі ел есінде»

 

«Атамұра» баспасы қазақ халқының бір туар перзенті, ұлы ханы Абылай ханның бейнесі қай жерде, мәйіті қалай сақталғаны жайында «Абылай хан» атты тарихи зерттеу еңбегін шығарды.

Мүсінші Мәжит Айтбаев алғашқылардың бірі болып, Абылай ханның портретін салды.

Алматы қаласында Абылай ханның туғанына 280 жыл толуына байланысты ескерткіш ашылды.

Ел басы Н.Назарбаев Көкшетау қаласының бас алаңында орнатылған ұлы ханның ескерткішін ашты.

Қазақ кино студиясы шетелдік әріптестермен біріге отырып «Көшпенділер» фильмін түсірді.

Сөздікпен жұмыс.

 

Тауқымет – ауыртпалық, бейнет, азап.

Қонтайшы – Жоңғар ханы.

Ақ киізге көтеру – ханды халық ақ киізге көтеріп,еаққа отырғызады.

Тәңірі – Құдай, Алла тағала.

Тәбәрік – естелік үшін қасиеттеп берілетін дүние, мүлік.

Дәрмені – қуаты, күші.

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Абылай хан»

 


 

 

Топпен жұмыс.

 

І-топ «Абай» тобына:

- Мәтіннен 18 ғасырдағы қазақ елінің өмірін суреттейтін бөлікті табу.

ІІ-топ «Ыбырай» тобына:

Мәтіннен Абылайдың ерлігін суреттейтін тұсты тауып оқу.

ІІІ-топ «Ахмет» тобына:

«Абылай ханның арманы - тәуелсіз қазақ елі» тақырыпта кішігірім газет-мақала жазып, шығару.

 

 


 

 

Сабақтың тақырыбы: «Абылай хан»

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс.

 

І – топ. Абылай ханға мінездеме жазу.

 

ІІ – топ. Мәтіннен қазақ елінің халін суреттейтін сөз тіркестерін жазу

 

ІІІ – топ. Қалден-Сереннің қазақ даласын жаулап алудағы мақсатын жазу.

 

 

IV. Сабақты қорытындылау.

 

Мұғалім:

Балалар, біз Абылай туралы білімімізді толықтырдық.Осы алған білімімізге сүйене отырып Абылайға баға берейік. Абылайды біз кім деп танимыз. Әр топ өз ойларыңды ортаға салыңдар.

 

«Хан Абылай» кестелі плакатын толтыру.

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Абылай хан»

 


 

 

Бағалау.

Бағалау парақшасы арқылы топтарды бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушылардың білімдерін бағалау.

 

V. Үйге тапсырма беру.

Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу. «Абылай ханның ерлігі» тақырыбында шағын шығарма жазып келу.

 

Кері байланыс.

Оқушылардың сабақтан алған әсерлерімен бөлісу.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
PatrickLep
11 июня 2021 18:38
скачать приложение Mostbet

----

Как сделать ставку вы знаете

----


кредит онлайн на карту без отказа

---

Смотрите далее

---


семена томатов онлайн