"Үлгілі" жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Математика пән бірлестігі

Автор: admin от 7-06-2018, 23:55, посмотрело: 1046

20
Математика пән бірлестігі
 
 

 

 

Категория: Әдістемелік бірлестіктер

 

Мектеп тарихы

Автор: admin от 2-06-2018, 05:44, посмотрело: 66

0

Категория: Негізгі бет

 

Мектеп тарихы

Автор: admin от 2-06-2018, 05:44, посмотрело: 19

0

Категория: Негізгі бет

 
 

Мектеп директорының блогы

Автор: admin от 2-06-2018, 05:18, посмотрело: 710

1

 

"Үлгілі" жалпы орта
 
 мектебінің директорының блогына
 
қош келдіңіздер!
 

 

  

 

 

Мектеп директоры: 

Ахментаева А.
 
 
Құрметті достар!

       Мектептің жоғары әлеуетін оқушылар мен педагогикалық ұжым контингентінің біртіндеп сапа жағынан өсуін бағалай келе , білім беру үрдісінде біз өзіміздің сайтымызды  құрдық. Бұл сайтта мектеп туралы толық  мәліметті және мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктері  туралы ақпарат аласыздар.

 

 

 

            Сіздерді бірлесе диалогты жұмыс жасауға шақырамыз! 

 

Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», - деген болатын. Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені түсінікті.

Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер біздің "Үлгілі" жалпы орта мектебінде де жүргізілуде.

«Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады», -деп Жүсіп Баласағұни бабамыз айтып кеткендей,алға қойған мақсатым мен міндетім:қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының білім деңгейімен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі заман талабына сәйкес дамуына,оқушыларды жаңартылған білім беру бағдарламасының талабына сай инновациялық әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігін арттыру.

Сондай ақ білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі. Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен, ұлы ағартушы Шоқан Уәлиханов: «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген. Азат, тәуелсіз мемлекетпіз, енді жүйелі білім беру міндеті ғана тұр. Бұл міндетті абыроймен атқару үшін күні-түні іздену, әлемдегі озық әдіс-тәсілдерді барынша мектеп өміріне ендіру – ұстаздар үшін парыз. Осы бағдарлама толық енгеннен кейін, оқушының білім деңгейінің көтерілуімен қатар, ұстаздар қауымының беделі бұрынғыдан да жоғарылай түсетініне нық сенім білдіремін!

Қорыта келе, ақын Міржақып Дулатовтың «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі — тұман» деген сөздерімен аяқтағым келіп отыр. ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпыеуропалық стнадартқа сай жаңа білім беру - жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол!

 

 

       М.Жұмабаев: «Қазақтың ұлттық мектебі қандай болуы туралы терең пайымдау қажет, қазақтың тағдыры,  келешегі,  мектептің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебіміздің саулық, өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізін құра білмесек,  келешегіміз күңгірт» 

      Бүгінгі таңда бізге артқан сенім өз деңгейінде қалыптасып,мектеп мәртебесі биіктен көрінуде.
      Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың  Қазақстан халқына жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте     оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған. Егемендік  алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы- білім жүйесі. Орта мектеп- білім жүйесінің ең басты буыны.  Орта мектепте  қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады.
     Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше.  Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі  өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында.»-деп атап көрсеткен болатын.                                                                                                                                                                                                                                                

       Елбасының ұстазға артқан сенімін орындау ұстаздар үшін үлкен міндет екенін пайымдап біздің мектептің ұстаздары жаға технологияны меңгеруде біліктілігін  арттыру курстарына барып,  білімдерін арттыруда.
Сонымен бірге  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары,  мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын.  Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық  сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналатындықтан мұғалімдер үш тілді меңгеруді басты міндетіміз деп біліп, білімдерін жетілдіруде.

      Мектебіміздің мұғалімдері нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады.  Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс керек екені даусыз екенін түсінген. Оқу  үрдісін  талапқа сай жүргізуде  мұғалім - басты  тұлға. Сондықтан да  шығар  қазіргі  сабақ  қандай  болу керек, оның  қандай  жақтары  жеткіліксіз, қай  саласына  көп  мән  бөлу керек, күнделікті  сабақтың  сәтті  өтуін  қалай  қамтамасыз  етуге  болады  деген сан  алуан  сұрақтар әрқайсымызды  толғандырып  жүргені  сөзсіз. 
Сабақты  сәтті  ұйымдастырудағы  басты  мақсат - оқушының  сабаққа  деген   қызығушылығын  арттырып, бүгінгі  заман  талабына  сай  білім  беру. Сабақтың  сәтті  өтуі  біріншіден, мұғалімнің  біліміне, іскерлігіне, тәжірибесіне  байланысты  болса,  екіншіден,  сабақ  материалына,  ал  үшіншіден,   сынып  типіне,   төртіншіден  мұғалім  мен   оқушының  көңіл – күйіне  де  байланысты  болатынын ескереді .

Түйіндей келе:«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» деген сөздері әрбір мұғалімнің  жолбасшысы  болу керек деп ойлаймын. 

 

 

 

 

Мектеп ұжымының басты бағыты - уақыт талабына сай оқушылардың өзін-өзі жетілдіруіне жағдай жасап, жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету  мақсатымыз болып табылады.

Біздің сай  қоғамдық өмірдің әр-түрлі салаларында құнды білім мен білік дағдыларын игеруге септігін тигізіп, ашық қарым-қатынас жасауда жәрдемін тигізеді деп үміттенеміз

 
 

 

 


 

 

Категория: Мектеп директорының блогы

 

Фотоальбом

Автор: admin от 30-05-2018, 06:58, посмотрело: 344

1
 
 
 
 
 
 
 

 

 

Категория: Галерея

 

Мектеп директоры

Автор: admin от 28-05-2018, 23:41, посмотрело: 337

1

 


 


 Мектеп директоры:

Ахментаева А.



Категория: Әкімшілік

 

ҰБТ-2017 жаңа форматы ...

Автор: admin от 28-05-2018, 23:40, посмотрело: 953

1

ҰБТ-2017 жаңа форматы ...

 

Категория: ҰБТ

 

Туған өлке

Автор: admin от 28-05-2018, 23:39, посмотрело: 137

0

Аязхан Калыбековауылдық округі ең алғыш 1930 жылы Прогресс

 

селолық советі, оданкейін 1991жылы Үлгілі ауылдықокругі, болып құрылған.Ауылдың округте 7 елді мекен бар,35 көше бар. Халық саны 8631 оның ішінде: қазақ саны-7321, өзбек саны-1261,татар саны-51 ұлттары тату тәтті тіршілік жасауда. 1941 жылы Ұлы отан соғысына осы округтен 1200 дей азамат соғысқа аттанған.Оның 800 -і соғыстан қайтпаған. Соғыс құрбандарына арналып 1975 жылы Үлгілі ауылындаескерткіштер салынған.

 

Соғыс ардагерлерінің есімдері жазылған Ескерткіш тақта орнатылды.

 

Округте бұл күнде 38 тыл ардагерлері бар.Кеңес Одағының батыры Жолдыбай Нұрлыбаев.

 

Үлгілі ауылы Аязхан Қалыбеков а/о болып өзгерді

Категория: Туған өлке

 

Мектеп тарихы

Автор: admin от 28-05-2018, 23:39, посмотрело: 551

0

Жетісай ауданы, Ленин атындағы колхоз орталығы, 1976 жылы үлкен екі қабатты мектеп салынып, пайдалануға берілді. Мектеп сол кездегі жаңа үлгімен салынған.Ішкі жабдықтары, оқушылар отыратын парталар барлығы жаңадан алынған. Мектеп директоры Мұратов Нұрман басқарған мұғалімдер ұжымы бәрі жоғары білімді ұстаздар.

Мектепке төреғасы Қалыбеков Аязхан басқарған В.И. Линин атындағы колхоз ұжымы демеушілік еткен.Мектепте түрлеп ұшқан түлектерінен –ғылым докторлары, дәрігерлер, ұстаздар, депуттар, түрлі мамандық иелері шыққан. Тәуелсіз Қазақстанның болашақ мамандарын тәрбиелеуде мұғалімдерқауымы аянбай еңбек етуде. Мектеп мақтанышы болып талай ғалымдар шыққан. Химияғылымының кандидаты-Битемирова Әлия бірнеше жыл аудан әкімі болып, лауазымды қызмет атқарған И.Умбетаев т.б. бар.Әліпбеков Мухан 1987-1991, Дауылбаев Сәдуақас 1991-2002, Дауылбаев Нұрлыбек 2002-2010, Ахментаева Айгул 2010 жылдан бастап мектепті басқарып келеді.

Категория: Негізгі бет

 
Назад Вперед