Мектеп тарихы » "Үлгілі" жалпы орта мектебі
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданы білім бөлімінің
"№50 Үлгілі" жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлмесі:
+7 (72534) 5-47-02
Мұғалімдер бөлмесі:
+7 (72534) 6-75-61
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
октябрь
2020

Мектеп тарихы

Мектептің тарихы

      Аталмыш мектептің іргетасы  1939 жылы қаланды. Алғашында бастауыш мектеп , кейіннен 8 жылдық мектеп болды,1975 жылдан бастап орта мектеп атанды.

     Бұрынғы Ленин атындағы колхоздың  бастығы, Еңбек ері А.Қалыбековтің ықпалымен     1976 жылы мектеп ғимараты  екі қабатты болып, 34 сынып комплектісіне лайықталып ауыл орталығында бой көтерді.

    Қазіргі таңда ұжымда өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие нәрін сусындатуда         жоғары санатты-10,   І санатты-25, ІІ санатты-36 , 77  педагог қызметкерлер жұмыс атқаруда. Тағлымы мен тәжірибесі мол, ұрпаққа заман талабына сай сапалы білім беруде  беделі мықты, өресі биік ұстаздар да көптеп табылады. Атап айтар болсақ, Ы.Алтынсарин атындағы төс белгі иегері-1, «Ерен еңбегі үшін» медалі-12, «Үздік мұғалім» медалі-3, «Әлемнің асылы» медалі-5, «Білім шыңы» медалі-3, «Батыр шапағаты» атты медалі иегерлері бар.

  Ұстаздардың білім беру жолында  өз білімдерін шыңдай келе «ҚР-ның үздік мұғалімдері» жинағына, «Алтын қор» жинағына, «Білім шыңы- білікті ұстаз еңбегі» жинағына, Республикалық ғылыми- практикалық конференциясында мұғалімдеріміздің іс-тәжірибесі еніп, таратылған.

Озат тәжірибелі ұстаздар шәкірттерді жан-жақты үйретуден бір жалықпай, өз еңбегіне сын көзбен қарап,  озат тәжірибені насихаттауда мектеп мұғалімдерінің әдістемелік жинақтары, авторлық бағдарламалары аудан, облыс көлемінде таратылған. Атап айтатын болсақ , А.Ахментаеваның авторлық бағдарламасы облыс көлемінде,Г.Исмадиярованың  мазмұндамалар жинағы( 5-9 сыныптар), С.Бегимбетованың аудан көлемінде «Жазу құралын дамыту және әдебиет теориясын оқыту» еңбектері таратылып, Б.Төлеметованың «Балаларды тәрбиелеудегі  ұлттық құндылықтарды тиімді пайдалану», А.Акбарованың  «Қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқудың кезеңін анықтау үшін белгілі бір бағалау нысанын қолдану» облыс көлемінде   атты баяндамалары оқылған.

2006 жылы  «Үлгілі»Ж ОМ-не Франция елшілігінің стажёры Айне Бемуа кездесуге келді, оқушылармен сұхбат жүргізді.

2006 жылы «Үлгілі» жалпы орта мектебінің  Жамбыл аулында орналасқан қосалқы ғимаратын жаңа үлгіде А.Қалыбековтың ұрпақтары, жары Қалыбекова Асия  өз қаржысымен салғызды.

2012 жылы Астана қаласында өткен жылдың ең үздік меценатын марапаттау рәсіміне қатысып, А.Ахментаева «Алтын медаль» иеленді.

Педагогика ғылымының профессор, Оңтүстіктен шыққан тұңғыш академик қыз А.Қалыбекова.

  Республикалық қашықтық  олимпиада  жеңімпаздары:

2015жылы 3-орын  қазақ тілі мен әдебиеті пәні

Мұғалімі  С.Бегимбетова

2015жылы 1-орын математика пәні мұғалімі Мүтәнова Б                                                                                  

Хаийтжанов  О,Сагиева    

2015жылы 1-орын тарих пәні  мұғалімі  Жайлауова Э

    2015жылы 1-орын биология пәні мұғалімі Даулетова К.Биболова К, Момбекова А.

2015 жылы ІІІ орын шетел тілі пәні мұғалімі  пәні мұғалімі Ж.Жақсылықова

ІІ орын шетел тілі пәні мұғалімі Г.Ортаева,М.Арипова, С.Ахунова,Ғ.Жуманова.

2015 жылы  ІІ орын химия пәні мұғалімі Г.Қозыбаева.                                                                                                                                                                    

Мектеп басшылары:                                    

Мектепті   Манашов Қоныс (1962-1965), Жүргенбаев Талғат (1865-1866),Қалжанов Мырзахан (1966-191), Мұратов Нұрман (1971-1986), Әліпбеков Мұхан (1986-1991), Дауылбаев Садуақас (1981-2002), Дауылбаев Нұрлыбек (2002-2010) басқарды. 2010 жылдан бастап Ахментаева Айгүл Жасузаковна мектепте басшылық етіп келеді.

Мектептен  ұшқан  танымал түлектер:

Өстеміров Күмісбек – педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

И.Үмбетаев- "Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы.

Бейсеков Жасұзақ – математика ғылымдарының докторы, профессор.

Сабырова Мадина-экономика ғылымдарының  кандидаты, доцент, ХГТУ проректоры

Битемірова Әлия-химия ғылымдарының кандидаты,доцент, ОҚМПУ-да қызмет атқарады.

Қайырбекова Ұлбосын- филология ғылымдарының кандидаты, доцент Шымкент университеті

Жолдасов Сазахан- математика ғылымдарының кандидаты, доцент, Сырдария университеті деканы.

Мектеп 2007 оқу жылынан бастап  аудан көлемінде  француз тілінен тірек мектебі аталды.

Мектепте  тарих, қазақ тілі, шетел тілі пәндерінен  тереңдетілген сыныптар ашылып, жетістіктерге қол жеткізді.

Мектебімізде кіші ғылыми жұмыстар, пән үйірмелері, спорттық үйірмелер, «Жайдарман» көңілді тапқырлар клубы нәтижелі жұмыстар жүргізуде.

Мектеп жылдан - жылға  білім көрсеткіші жағынан алға жылжуда, 2010- 2011  оқу жылы 1 үздік аттестат, 2011- 2012 оқу  жылы 1 үздік аттестат,2013-2014  оқу жылы 1 Алтын белгі, 1 үздік аттестат, 2015-2016 оқу жылы 1 Алтын белгі, 2 үздік аттестат иегерлері шықты.   

Похожие публикации:

20 октябрь 2020 Ахментаева А
16 октябрь 2020 Мектеп ережесі
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив