Оқушыларға - "Үлгілі" жалпы орта мектебі http://ulgili-maktaaral.mektebi.kz/ ru Оқушыларға - "Үлгілі" жалпы орта мектебі DataLife Engine Оқушыларға кеңес http://ulgili-maktaaral.mektebi.kz/oushylara/8-oushylara-kees.html http://ulgili-maktaaral.mektebi.kz/oushylara/8-oushylara-kees.html Жоғарғы сынып оқушыларына арналған психологиялық кеңес:

1.Стресс дегеніміз не?
Алғаш рет стрессті ғылыми тұрғыда Канадалық ғалым Ганс Селье сипаттаған.Бұл сөздің ағылшын тілінен аудармасы «Кернеу,қысым» дегенді білдіреді.Ол тәннің қоршаған орта тарапынан жасалған оқыс әсерге жауабын анықтатады.Яғни стресс тосын жағдайда қанға қажетті гармондардың жедел іске қосу,басқа да көптеген физиологиялық процестерді қайта құру арқылы тәнге сыртқы әсерге тойтарыс беруі үшін өзінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалануы.
Ғалымның айтуынша,стресстің негізінен алғанда мынадай үштік белгісі бар:
1. (Бастапқы кезең), «Үрей сатысы» бұл қысымның алдында болатын кезең. Мысалы,бұдан былайғы тағдырыңызды шешетін сынақ алдындағы толғаныс.Бұл кезеңде стресстік салмаққа бейімделу процесі өтіп жатады,егер осы кезде үрейге төтеп бере алмасаңыз өліп кетуіңіз мүмкін.Мұндай жағдайда шығыстың ұлы ғұламасы Әбу Әли Ибн Сина тарапынанда баяндалады. Ол мынандай қызық жайтты сипаттайды.Екі қойдың қасына торға салынған қасқыр қойылады.Сонда жыртқыштың тура қақ маңдайына байланған қой қорқыныштан (стресс) көп ұзамай өліп кетеді.

2. Стресстітің жүзеге асуы.
Ол тәннің бейімделу мүмкіндіктерінің іске түсуі арқылы орындалады. Қажетті арнағабағытталған қуат қиындықты жеңуге көмектеседі. Сол арқылы алғашқы қорқыныш сезімін жеңесің. Ал егер қысым ұзақ уақыт бой бермесе, тән мүмкіндігі шектеулі болғандықтан оған төтеп бере алмайды. Ұзақ стресс және қиын жағдайдан шығу мүмкіндігінің жоқтығы жүйке стрессіне душар етеді.Организм өзінің бейімделу мүмкіндіктерін тауысады.Гиперстресс немесе дистресс соматикалық адреналдық жүйенің қорларын құртады. Ал қысқа мерзімді стресстер тәннің белсенділігін арттырып ширатады. Мысалы,спортшы жарысқа қатысу,артист сахнаға шығу кезінде толқу сезімін жеңу арқылы табысқа қол жеткізеді.
3. Постресс – діңкенің құру кезі.Ұзақ уақытқа созылып,жүйкеге үздіксіз қысым жасалуы әбден діңкелетіп денсаулықты бұзады.Стресстен тек жүрек талмасы,қан қысымы,невроз не болмаса жүйке аурулары ғана емес асқазанның ойық жарасы туындайды.

Естеріңізде болсын !
Егер сіз жоқ дегенде он минут күлсеңіз ағылшын психологтарының айтуы бойынша,сіздің ұйқыңыз тынышталып,санаңыз серігіп,жігеріңіз артады.
Егер өлең айтқанды ұнататын болсаңыз және де өлеңді күнде айтсаңыз онда өміріңіз әлдеқайда ұзарады. Зерттеулер көрсетіліп отырғандай ән салу тек қана кеуде бұлшық еттерін ғана дамытып қоймайды,сонымен қатар жүрек бұлшық еттерін де нығайтады.
Егер сіз сөйлемдермен сөйлеуді ұнатсаңыз және әрбір айтқан сөйлем сипаттамаларыңыз алты секундтан артық болатын болса, онда тыңдармандарыңыз нашар түсінеді. Неміс психологтарының айтуынша мұғалімдер секундтына екі сөзден артық сөз айтпауы керек. Яғни неғұрлым сөйлем қысқа болса,соғұрлым ол балаға түсінікті болады.

Өмірге қуанышпен қараңыз !!!
1. Оптимист болуға тырысыңыз.
Табысқа жетумен әріптсетеріңізбен жақсы қарым қатынастың ең дұрыс жолы, орнықты көңіл – күй мен кез келген мәселеде оңды шешім ұстану. Оңды эмоциялар – жұқпалы келеді. Көңіл – күйіңіз үнемі көтеріңкі болса, достарыңыз да, жанұяңыз да, оқушыларыңыз да өмірег қуанышпен қарауға берген мүмкіндігіңіз үшін сізге ризашылық сезімге бөлейтіні анық.
2. Қорқыныш сезімін жеңуге тырысыңыз.
Көңілде ұдайы қорқыныш сезімінің (фобиялар) болуы (ол тіпті абстрактілі қорқыныш болсын) – адамның жеке тұлғасын жоятын психологиялық инвлидацияның бірі формасы. Оған өз бетіңізше қол жеткізе алмасаңыз психолог пен психотерапевттің көмегін пайдаланыңыз.
3. Өзіңізбен өзіңіз жеке болуға уақыт табыңыз.
Кез – келген адамға жалғыз өзі қалып, өмір туралы, өзі туралы, пайда болған мәселелерді шешудің жолдары туралы ойлануға, серігуге, демалуға жеке уақыт керек – ақ. Бұл әсіресе мінез құлқы интровертке жататын адамдарға айырықша керек.
4. Айналадығыларыңыздың сізден тым көп нәрсе талап етуін болдырмаңыз. Қолыңыңыз тиіп, мүмкіндігіңіз болған кезде өзгелерге көмектесу бір бөлек те,адамды ұдайы басқа жұмыстарға «жегіп қойю» мүлдем бөлек нәрсе. Мұндай жағдай қайтала берсе,адамда біреудің өтінішін орындай алмағандықтан, өзін ұдайы кінәлі санау сезімі пайда болады.Кейде аздап эгоист болған пайдалы.
5. Өзіңізге ұнамайтын нәрсені ұнайтындай кейіп танытпаңыз.
Өзіңіздің сезіміңізді зорықтыру өте үлкен өмірлік энергияны қажет етеді.Көңіл күйіңіз бұзылады. Жеке тұлғалық қасиеттеріңізге нұқсан келтіреді. Батылдау болыңыз.
6. Өз баларыңызға артық қысым жасамаңыз. Жұмыста педегогикалық
профессионализм таныта отырып,көптеген ұстаздар оны үйде де жалғастырып отырғанын бақамай қалады. Нәтижесінде балаларға артық талаптар қойылады. Сондықтан өз балаларыңызға өзімен өзі болуға, өзін-өзі танытуға мүмкіндік беріңіз. Олар тек сіздің талаптарыңыздың мүддесінен шығуға талпынбайтын болсын. Олар өздері қалаған нәрсемен айналысқанда ғана өзіне деген сенімі артады.
7. «Бұл менің қолымнан келмейді» деген сөзді сирек айтуға тырсыңыз. Егер өзгелер сіздің мүмкіндіктеріңзге сеніп тұрса, өз күшіңізді неге сынап көрмеске? Сізге жаңа нәрсені бастауға өтініш түскен жағдайда, мұндай ұсыныстарды жіберіп алуға тырыспаңыз.
8. Көпшілік алдында сөйлеуге тартынбаңыз.Үлкен аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік туған жағдайда, одан бас тартудың қажеті жоқ. Көпшіліктің алдында сөйлеу өз ойыңызды қысқа да нұсқа жеткізе білу, үйретумен бірге табысқа жету үшін керекті қасиет,оқушылардың алдында стериотивті сөйлеуден де арылтады.
9. Дене сымбатыңызға көңіл бөліңіз. Дененің сымбатты болуы адамның психологиялық жағдайына әсер етумен қатар,оқушыларға үлгі бола алады.

ОҚУШЫЛАРДЫ ҰБТ-ҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
ҰБТ дегеніміз не?
Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі.
ҰБТ мақсаты: білімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін оқу жетістіктерінің сыртқы тәуелсіз бағасының жүйесін құру.
ҰБТ міндеттері:
1. Бірыңғай өлшеу материалдарының көмегімен білім сапасын мемлекеттік бақылау мен басқаруды қамтамасыз ету;
2. білім сапасын бағалаудың шынайылығын, дұрыстығын арттыру;
3. Жоғары және орта кәсіптік білімге қол жеткізуде әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету.
Қазіргі кезде оқушыларды ҰБТ тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындау қажет.
Тесті тапсыруға ешкім арнайы үйретпейді, бірақ соған қарамастан, ондай психологиялық білім өте пайдалы. Олар тестіге дайындалу тиімділігін арттырып, тесті кезінде өзіңді ойдағыдай ұстауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде өзіңді жұмысқа жұмылдыруға, өзіңнің эмоцияларыңды қолға алуға көмектеседі. ҰБТ рәсімі ойыңды әбден жинақтап, бар назарыңды соған аударып, мұқият және ұқыпты болуды, бір тапсырмадан екіншісіне жылдам көше білуді талап етеді.
Тесті тапсыру процесін психологиялық қамтамасыз ету мәселесін талқылай отырып, оның 3 кезеңін атап өту қажет:
1. Тестіге дайындық, тесті алдында оқу материалын зерделеу;
2. Тестілеу алдындағы мінез-құлқың;
3. Нақты тесті кезіндегі мінез-құлқың.
Емтиханға тиімді дайындалу тәсілдері туралы ұсыныстар
Психология тұрғысынан қалай дайындалу керек
Аса ауыр кездерде басыңды жоғалтып алмас үшін, аса жоғары мақсатқа қол жеткізу үшін өзіңнің алдыңа аса жоғары міндет қойма. Жағдайдың әбден шиеленісуін күтіп отырма. Емтиханға алдын ала, аздап-аздап, бөлшектеп дайындалуға кіріс. Егер күш-жігерің мен ойыңды жинау қиынға соқса, алдымен ең жеңілдерін есте сақтауға тырыс, содан кейін күрделі материалды оқуға көш. Ішкі қобалжуды, шаршағандықты басуға, өзіңді бос ұстауға көмектесетін жаттығуларды күн сайын орында.
Көз шаршаса не істеу керек?
Емтиханға дайындалған кезде көзге көп жүк түседі. Егер көз шаршаса, бүкіл организм шаршады деген сөз: оның емтихан тапсырмаларын орындауға күші жетпейді. Көзге демалыс беру керек. Төмендегі жаттығулардың кез келген екеуін орында:
кезек-кезек жоғары-төмен (25 секунд), оңға-солға (15 секунд) қара;
көзіңмен өзіңнің тегіңді, атыңды, әкеңнің атын жаз;
қашықтағы затқа қара (20 секунд), сосын көз алдыңдағы параққа бірінші оңнан солға қарай, сосын солдан оңға қарай шаршының, үшбұрыштың суретін сал.
Күн тәртібі
Күніңді үшке бөл:
емтиханға күніне 8 сағат дайындал;
спортпен шұғылдан, таза ауада демал, дискотекаға барып билеп кел;
кем дегенде 8 сағат ұйықта; егер қажет деп санасаң түскі астан кейін өзіңе үзіліс жасап, аздап ұйықтап ал.
Тамақтану
Күніне 3-4 рет тамақтану қажет; тамақ нәрлі және дәрумендерге бай болсын. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балық, ет, көкөніс-жеміс, шоколад же. Тағы бір кеңес: емтихан алдында аса тойып тамақ жеме.
Дайындалатын орын
Өзіңнің жұмыс орныңды дайындап ал. Үстелге сары немесе күлгін түстегі заттар немесе сурет қой, өйткені бұл түстер зияткерлік белсенділікті оятады.
Көп материалды қалай есте сақтауға болады
Материалдарды сұрақ бойынша қайтала. Басында есіңе түсір де, бар білгеніңді қысқаша жазып ал. Содан кейін ғана даталардың, негізгі оқиғалардың дұрыстығын тексер. Оқулықты оқып отырғанда басты, өзекті ойларды түртіп отыр – бұл жауаптың негізгі тармақтары болмақ. Кішкентай парақтарға әр сұраққа жауаптың қысқаша жоспарын құрастырып үйрен. Ертең емтиханға барамын деген күні жауаптың қысқаша жоспарлары бар парақтарыңды қарап шық.
Ойды, ойлау қабілетін қалай дамытуға болады.
1. Ақылды болғың келсе – ұғынықты сұрақ қоюға, бар зейінмен тыңдауға, байыппен жауап беруге және айтар ештеңең болмаса үндемеуге үйрен.
2. Оймен жұмыс істемей білім алуға болмайтындай, бірақ білім болмай ой да болмайды.
3. Ойлау қабілетін дамыту дегеніміз - өз ақылыңды біліммен қуаттау. Білім көзі әртүрлі болуы мүмкін: мектеп, кітаптар, теледидар, адамдар. Олар заттар мен құбылыстар туралы, адамдар туралы ақпарат береді.
4. Ойлау сұрақтан басталады. Барлық жаңа өнертабыстар «Неге?» және «Қалай?» деген сұрақтардың арқасында ашылған. Сұрақ қоюға және оған жауап іздеп үйрен.
5. Дайын стандартты шешімдердің көмегімен қажетті нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда ойлау қабілеті «іске кіріседі». Сондықтан ойлауды дамыту үшін затты немесе құбылысты әр қырынан көре білу, әдеттегіден жаңаның ізін байқау қабілетін қалыптастыру маңызды.
6. Заттың немесе құбылыстың әртүрлі қасиеттерін байқау, оларды өзара салыстыра білу қабілеті – ойлаудың қасиеті.
7. Адам объектінің белгілерін, қырларын қаншалықты көп байқаса, оның ойлау қабілеті соншалықты икемді және дамыған болады. Бұл қасиетті зеректікке арналған ойындармен, логикалық тапсырмалар мен басқатырғыштарды шешу арқылы жаттықтыру қажет.
8. Ойлау мен сөйлеу біртұтас. Ойлауды дамытудың басты шарттарының бірі – оқығанды еркін баяндап беру, пікірталасқа қатысу, жазба тілді белсенді пайдалану, өзің де толық түсінбеген нәрсені басқаға айтып беру.
Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары:
1. Есте сақтау қиындығы оның көлеміне кері пропорционалды өседі. Қысқа сөзден гөрі үлкен үзіндіні жаттау анағұрлым пайдалы.
2. Бірдей жұмыс кезінде есте сақталатынның саны қаншалықты көп болса, түсіну деңгейі соншалықты жоғары болмақ.
3. Назар аударып (концентрированно) жаттағаннан бөліп жаттаған жақсы. Қатарынан жаттай бергенше үзілістермен жаттаған, бәрін бірден жаттағаннан аздап жаттаған жақсы.
4. Қайта-қайта жай оқи бергеннен ойша қайталаған анағұрлым тиімді.
5. Егер үлкен және кішкентай екі материалмен жұмыс істесең, үлкеннен бастаған дұрыс.
6. Ұйықтап жатқан адам жаттамайды, бірақ ұмытпайды да.
Жұмысқа қабілеттілікті қалпында ұстау
1. Ой және дене еңбегін кезектестіріп орындау
2. Гимнастикалық жаттығулардан кувырок, свеча, баста тұру сияқты жаттығулар пайдалы, өйткені ми жасушаларына қанның баруы күшейеді.
3. Көзіңді қорға, әрбір 20-30 минут сайын демалыс бер (көзіңді кітаптан алып, қашыққа қара).
4. Теледидар қарауды барынша шекте.

]]>
Жоғарғы сынып оқушыларына арналған психологиялық кеңес:

admin Fri, 16 Oct 2020 11:47:15 +0600
Біздің жетістіктер http://ulgili-maktaaral.mektebi.kz/main/29-bzd-zhetstkter.html http://ulgili-maktaaral.mektebi.kz/main/29-bzd-zhetstkter.html

]]>

 Француз тілі пәнінен Асабай Ұлтусын облыстық пән олимпиадасының жүлдегері.

Жетекшісі:  А.Ахментаева 

Республика пән олимпиадасының қатысушысы Естөре Тұйғын

Жетекшісі:  А.Ахментаева

ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНА ЖЕТКЕН ЖЕҢІМПАЗДАР!

     Қай заманда болмасын адамның ақыл-ойымен бірге алған ілім-білімі де жоғары бағаланған. Қазақ халқы «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп, білім алудың артықшылығын мақалға қосқан.  Білім мен ғылым дамыған сайын адамның ой-өрісі де өсіп, қоршаған ортаны тани түсіп, дүниетанымының өзгеретіні белгілі дүние. Соның бір айғағы Мақтаарал ауданы,  «Үлгілі» жалпы орта мектебінің 5-8 сынып оқушылары «Балдаурен-Қапшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында 4-6 маусым күндері 2-8 сынып оқушыларына арналған «Балдаурен білгірі-2019» Республикалық зерттеу жұмыстары мен әлеуметтік жобалар байқауына қатысып, білім біліктілігінің арқасына  жеңіс тұғырынан көріне білді. «Ғаламшар ғажайыптары» бағытында 8-сынып оқушысы Сәрсехан Жаңыл І дәрежелі дипломмен, «Ақпараттық технологиялар» бағытында 6-сынып оқушысы Мыңбосын Аслан І дәрежелі дипломмен, медальмен және «Балдаурен-Қапшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығына 15 күндік жолдама жеңіп алды. Қазақ әдебиеті пәнінен 5-сынып оқушысы Төлеп Нұрмұхаммед ІІ дәрежелі дипломмен, математика пәні бойынша «Сандық есептер» бағытында 7-сынып оқушысы  Жасұзақ Бибінұр ІІІ орын иеленді. Жеңімпаздарды Мақтаарал ауданының білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы М.Бабашев арнайы құттықтап, өрісі кең өрендердің өмірлеріне сәттіліктер тіледі.

]]>
admin Fri, 16 Oct 2020 11:47:15 +0600
ҰБТ дайындығына кеңес http://ulgili-maktaaral.mektebi.kz/oushylara/bt/7-bt-dayyndyyna-kees.html http://ulgili-maktaaral.mektebi.kz/oushylara/bt/7-bt-dayyndyyna-kees.html Дайындық:

Ең алдымен оқуға жақсы да ыңғайлы орын дайындаңыз: үстел үстіндегі артық заттарды алып тастаңыз, керек кітаптарды, дәптерлер мен қарындаш-қаламды ыңғайлап қой. Дайындалып жатқан жеріңде сары және сия көк түстері бар заттарды қой, олар интеллектуалды белсенділікті жоғарлатады. Бұған осындай түстері бар суретті де жатқызуға болады.

Оқудың жоспарын құр. Ең алдымен өзіңнің кім екеніңді анықта: сен «жапалақсың» ба әлде «бозторғайсың» ба? Осыған байланысты таңертеңгілік немесе кешкі уақытыңды максималды түрде пайдалы қолданыңыз. Дайындықтың әрбір күніне жоспар құрып, дәл бүгінгі күнге нені оқитыныңызды анықтап алыңыз. Жалпы емес, әрбір тақырыптар мен бөлімдерді қарастырыңыз.

Өзіңіз білмейтін ең қиын тараудан бастаңыз. Егер ол қиындық тудырса, өзіңізге ең тартымды да ұнамды материалдан бастаңыз. Осылай, біртіндеп, жұмыс ритміне кіріп, ісіңіз өрге жүзер. Оқу мен демалысты алмастырып отыр, 40 минут оқысаңыз, кейін 10 минут демалыңыз. Бұл уақытта ыдыс жуып, үй шаруасына араласып, бойды сергіту үшін жаттығулар жасауға болады. Барлық оқулықты оқып, есте сақтауға ұмтылмау керек. Материалды жоспарлап, қағазға сызба жасаған жөн. Жоспарларды материалды қайталап шыққанда қолдануда жеңіл.

Пән бойынша кітапшалардағы, әртүрлі баспа бетіндегі тестерді көбірек орында. Бұл тест тапсырмаларының құрылымымен танысуға жол ашады. Қолыңызға секундомер алып, жаттық. Тестерді орындау уақытын белгілеп отыр. Емтиханға дайындалғанда тапсырманы орындай алмаймын деген ойдан арыл, керісінше, ойша жеңіске жету суретін көз алдыңа елестет. Емтихан алдында бір күнді жауаптар жоспарларын тағы қайталап шығуға, ең қиын сұрақтарға тоқталуға қалдыр.

Тестілеу қарсаңында

Көпшіліктің ойы бойынша емтиханға толығымен дайындалу үшін емтихан алдындағы бір түн жеткіліксіз. Бұл дұрыс емес. Сен шаршадың. Және өзіңді қажытуға болмайды. Кеісінше, кешке қарай дайындықты қойып, суға түсіп, серуендеп кел. Дұрыстап тынығып, жақсылап ұйықта. Сонда сен демалып, дені сау, күшті, «батыл» мінезде боласың. Себебі сынақ — бұл өзінше бір күрес, онда өзіңді, бойыңдағыкүшің мен мүмкіндіктеріңді және қабілеттеріңді көрсете білу қажет.

Тестілеуге кеш қалмай, тестілеуге дейін жарты сағат бұрын келгенің жақсы болады.

Тестілеу кезінде

Тестілеудің басында сендерге керек мәлімет айтылады (бланкті қалай толтыру керек, қандай әріптермен жазу керек, мектеп нөмірін қалай кодтау керек және т.б). Зейінді, мұқият бол!!! Сенің жауаптарыңның дұрыс болуы барлық ережелерді зейін қойып, есте сақтауыңа байланысты. Жауаптар бланкісін (тіркеу облысы, жауаптардың өзі және т.б.) тек баспа әріптерімен толтырасың! Кейбір әріптердің, мысалы «а» әріпінің қалай жазылатындығына назар аудар. Мәліметтің жартысы кодталған формада жазылады, ол туралы тестілеудің басында айтылады.

Бланкілерді толтыру үрдісінде кейбір өзгерістер болуы мүмкін, ол туралы саған міндетті түрде хабарлайды.Тестілеудің нәтижесін алғанда сен тексерілген жұмыспен танысуға құқылысың және егер сен бағамен келіспесең, оны конфликтілі комиссияға (нәтижені айтқаннан кейінгі 3 күн ішінде) апелляцияға бере аласың.

Тестілеуді орындауда сәттірек әрекет ету үшін бірнеше әмбебап кеңестер

Бар зейініңді шоғырландыр! Тестілеудің алғашқы бөлімін (бланкіні толтыру) орындап болғаннан кейін, өзіңе түсініксіз сәттердің бәрін айқындағаннан соң, бар зейініңді жұмысқа шоғырландырып, айналадағыларды ұмытуға тырыс. Сен үшін тек қана тапсырма мәтіні мен тесті орындау уақыты маңыздыболуы керек.

Асықпай асық! Қатаң шектелген уақыт сенің жауаптарыңның сапасына әсер етпеуі керек. Жауапты жазбас бұрынсұрақты екі рет оқып, сенен нені қажет ететінін дұрыс түсінгеніңе сенімді бол.

Оңайынан, жеңілінен баста! Сен күмәнданбайтын тапсырмалары бар сұрақтарға жауап беруден баста,көп ойлануды қажет ететіндерге кідірме. Осындайда сен тынышталып, басың анық және нақтырақ жұмыс істей бастап, жұмыс ритміне кіресің. Осылай сен мазаланудан арылып, кейін бар энергияң қиынырақ сұрақтарға жұмсалады.

Қалдырып кет! Қиын және түсініксіз тапсырмаларды қалдырып кетуге үйрену керек. Есіңде болсын: мәтінде міндетті түрде сенің қолыңнан келетін сұрақтар әрқашан табылады. Қиындық тудыратын сұрақтарды көп жұмыс істеп, «өзіңнің» тапсырмаларыңа жете алмай, ұпай жинай алмағаның ақымақтық болушы еді.

Тапсырманы соңына дейін оқы! Асыққандығың тапсырма талабын «бірінші сөзінен» ұғуға тырысып, оның соңын өз қиялыңмен құруға әкелмеуі керек. Бұл ең жеңіл сұрақтарда қате жіберудің ақиқатты жолы.

Тек істеп жатқан тапсырмаңды ойла! Сен жаңа тапсырманы көргенде оның алдындағылардың бәрін ұмыт. Тестердегі тапсырмалар бір-бірімен байланысты емес, сондықтан біреуінде қолданған білімің жаңа тапсырманы дұрыс шешуде көмектеспей, керісінше зейініңді шоғырлантуда бөгет болады. Бұл кеңес саған басқа құнды психологиялық эффектіні түсінуге де мүкіндік береді— бұрынғы өткен тапсырмадағы сәтсіздікті ұмыт. Әрбір жаңа тапсырма ұпай жинаудағы мүмкіндік екенін ойла.

Алып таста! Көп тапсырмаларды анық сәйкес емес жауап нұсқаларын біртіндеп алып тастап отырғанда тез шешуге болады.Алып тастап отыру әдісі бес-жеті жауаптың барлығына емес, бар жоғы бір-екі нұсқаға зейініңді шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Екі рет қарап шығуды жоспарла! Уақытыңның үштен екі бөлігін жеңіл тапсырмаларды тағы бір рет қарап өтуге жұмса (бірінші рет). Бұл жағдайда сен жеңіл тапсырмалардан максимум ұпай жинай аласың. Ал кейін сен қалдырып кеткен қиын тапсырмаларға оралып, оларды шешуде салмақтылықпен ой жүгіртесің (екінші рет).

Тексер! Өз жұмысыңды тексеруге уақыт қалдыр, тым болмаса, айқын көрініп тұрған қателерді байқап қалу үшін жауаптарға қарап, бір рет көз жүгіртіп шық.

Тауып ал! Егер сен жауапты таңдауда сенімсіз болсаң, бірақ интуицияң басқаларға қарағанда бір жауапты қалап тұрса, оған сенуіңе болады! Мұнда, сенің көзқарасың бойынша, ең көп мүмкін нұсқаны таңда.

Ренжіме! Барлық тапсырмаларды орындауға тырыс, бірақ есіңде болсын: барлығын практика жүзінде орындау мүмкін емес. Тестік тапсырмалар қиындықтың ең максималды деңгейіне есептелгендігін ойдан шығарма және сен шешкен тапсырмалар саны жақсы бағаға тұрарлық шығар.

]]>
Дайындық:

admin Fri, 16 Oct 2020 11:46:57 +0600
ҰБТ дайындығына кеңес http://ulgili-maktaaral.mektebi.kz/oushylara/bt/9-bt-dayyndyyna-kees.html http://ulgili-maktaaral.mektebi.kz/oushylara/bt/9-bt-dayyndyyna-kees.html Қымбатты түлектер!

Тестің алдында мақсатты түрде организмдерінді осы мәселе бойынша дайындап, сабақ пәндеріне аса назар аударып дайындалындар.

·ҰБТға екі күн қалғанда

Таза ауада көп серуенде ( 4 сағаттан кем болмауы керек), егердебассейнға, моншаға, хауызға баратын мүмкіндік болса барып кел.Үйде әрқашанда әндетіп жүр жәнеде ритмикалық әуендерге қосылып ән айтып, биле.

·Бір түн алдында

Тыныштандыратын шөп шайын іш.

·Тапсыратын күні

Таза ауада 1 сағаттай серуендеп, музыка тыңда

·Тапсыруға 20 минут қалғанда

Бір стакан шай немесе шырынды сок іш, болмай қалған жағдайда жай стаканға С дәрумені бар ( аскорбин қышқылы 2,5 гр-нан аспау керек) суын іш.

Аскорбин қышқылы бар суды тест тапсырып отырған кездеде ішіп отыруына болады.Тағыда тест басталар алдында 20-15 минут бұрын но-шпа дәрісінің 1-2 данасын ішкен жақсы.

·Дәл тестің басталуының алдында

Қорқыныш сезімінен шық.Өз-өзінді босатып, жинал.Бастапқы минуттың соңғы секундына дейін өз-өзінді қандай жағдай болмасын қолға ұстуға тырыс. Тыныс алу жаттығуын жаса ( 3-4 рет терең тыныс алып, деміңді шығар)

 Іске сәт!

]]>
Қымбатты түлектер!

Оқушылардың құқықтары мен міндеттерінің кодексі http://ulgili-maktaaral.mektebi.kz/oushylara/35-oushylardy-ytary-men-mndettern-kodeks.html http://ulgili-maktaaral.mektebi.kz/oushylara/35-oushylardy-ytary-men-mndettern-kodeks.html  

Оқушылардың құқықтары:

1. Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға, өзінің ар-намысын құрметтеуді талап етуге, дін еркіндігіне, ақпарат алу еркіндігіне, өзіндік ой-пікірлерін білдіруге;

2. Мектепті басқаруға қатысуға, еңбек мамандығын, оқудың дербес бағдарламалары мен курстарын таңдауға;

3. Мектептің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып білім аясын кеңейтуде белсенділік танытуға, сынып жетекшісіне, мұғалімдерге өзінің қиындықтары туралы хабарлап, олардан көмек, түсінік, жауап алуға;

4. Мектеп жұмысына қатысты пікірлерін ашық білдіруге, мектеп заңдарын, ережелерді, жарғыларды құрастыруға қатысуға;

5. Мектептегі және сыныптан тыс ұйымдастырылатын сабақтарға, үйірмелерге, клубтарға, спорт секцияларына қатысуға;

6. Өз қабілеті мен мүмкіндігін таныту арқылы мектеп атынан сайыстарға, байқауларға, жарыстарға және т.б. шараларға қатысуға;

7. Тұрмыс ахуалы төмен жағдайда оқуға және өмір сүруге қажетті материалдық көмек алуға құқығы бар.

Оқушылардың міндеттері:

1. Әрбір адамның ар мен намысын құрметтей отырып, өзін кез келген жағдайда лайықты ұстау.

2. Оқуға арналған уақытты толық пайдалануға, өзінің білім аясын кеңейтуге ынтамен жұмыс істеу, сабаққа жүйелі түрде дайындалу, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысу.

3. Әрқашан мектеп ұжымының игілігіне үлес қосу, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру.

4. Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру.

5. Мінез-құлық ережелерін сақтау:

- үлкендерді құрметтеу;

- басқа адамның ар-намысын қавдірлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу;

- өзінің және жолдастарының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі туралы қам жеу; мектеп оқушыларына темекі тартуға, ішімдік ішуге, нашақорлықпен айналысуға тыйым салынады. Оқушы әрдайым таза және ұқыпты болып жүреді.

6. Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстау.

7. Өндірістік және қоғамдық пайдала еңбекке белсенділікпен қатысу.

8. Үлкенге - құрмет, кішіге ізет таныту, мұғалімдер мен ата-аналардың заңды талаптарын орындау.

ҰБТ-ға дайындау жолдары http://ulgili-maktaaral.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/70-bt-a-dayyndau-zholdary.html http://ulgili-maktaaral.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/70-bt-a-dayyndau-zholdary.html ҰБТ дегеніміз не және оның міндеттері?
ҰБТ дегеніміз не?
Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі.
ҰБТ мақсаты: білімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін оқу жетістіктерінің сыртқы тәуелсіз бағасының жүйесін құру.
ҰБТ міндеттері:
1. Бірыңғай өлшеу материалдарының көмегімен білім сапасын мемлекеттік бақылау мен басқаруды қамтамасыз ету;
2. білім сапасын бағалаудың шынайылығын, дұрыстығын арттыру;
3. Жоғары және орта кәсіптік білімге қол жеткізуде әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету.
Қазіргі кезде оқушыларды ҰБТ тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындау қажет.
Тесті тапсыруға ешкім арнайы үйретпейді, бірақ соған қарамастан, ондай психологиялық білім өте пайдалы. Олар тестіге дайындалу тиімділігін арттырып, тесті кезінде өзіңді ойдағыдай ұстауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде өзіңді жұмысқа жұмылдыруға, өзіңнің эмоцияларыңды қолға алуға көмектеседі. ҰБТ рәсімі ойыңды әбден жинақтап, бар назарыңды соған аударып, мұқият және ұқыпты болуды, бір тапсырмадан екіншісіне жылдам көше білуді талап етеді.
Ұлттық бірыңғай тест – бiлiм сапасының басты көрсеткiшi. Мектептiң даму сапалы бiлiмдi, толерантты және ұлтаралық проблемаларды шешуге дайын жеке тұлға болады деп күтiледi. Ал саналы бiлiм беру тiкелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалiмнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн арттыру басты назарда. Өйткенi, бiлiмдi ұрпақ – бiлiмдi ұстаздардан, бiлiктi маманнан.
Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасындамасы.
Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасында бiлiм сапсын көтерудiң басты құралы есебiнде Ұлттық Бірыңғай Тестiiлеу енгiзiлгенi белгiлi. ҰБТ - ның мақсаты – мектептi бiтiрушi түлектердiң негiзгi төрт пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергендiгiн анықтау.

Бағдарлама - мемлекеттiк құжат. Оны толық меңгеру оқушының, меңгерту - мұғалiмнii ең басты мiндетi. Мектеп сол арқылы баланы ертеңгi өмiрге даярлайды, оқушының болашақта белгiлi бiр мамандық иесi болуына жағдай жасайды.
ҰБТ білімді тексерудің бір түрі. Түлектер жақсы көрсеткіштерге жету үшін, мұғалімдерге қойылатын ең басты міндет, оларды психологиялық жағынан дайындау: қиын сұрақтарға тосылмай, біріншіден жеңіл сұрақтарға жауап беріп, кейін сол қиын сұрақтарға көшу керек.
Ең бастысы оқушыларды емтиханға тек тест арқылы емес, сонымен бірге барлық – оқу бағдарламасымен жауаптарды сезіне білуге үйрету.
Тесті тапсыру процесін психологиялық қамтамасыз ету мәселесін талқылай отырып, оның 3 кезеңін атап өту қажет:
1. Тестіге дайындық, тесті алдында оқу материалын зерделеу;
2. Тестілеу алдындағы мінез - құлқың;
3. Нақты тесті кезіндегі мінез - құлқың.]]>
ҰБТ дегеніміз не және оның міндеттері?

3. Нақты тесті кезіндегі мінез - құлқың.
]]>
admin Fri, 16 Oct 2020 11:46:57 +0600
ҰБТ-ға қатысатын оқушыларға психологиялық кеңес http://ulgili-maktaaral.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/72-bt-a-atysatyn-oushylara-psihologiyaly-kees.html http://ulgili-maktaaral.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/72-bt-a-atysatyn-oushylara-psihologiyaly-kees.html ҰБТ-ға қатысатын оқушыларға психологиялық кеңес

«ҰМЫТУДЫҢ ПРОЦЕНТІН АЗАЙТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Ұзақ мерзімді есте сақтау процесін ҚАЛАЙ ЖАТТЫҚТЫРУ КЕРЕК?» - дейтін болсақ, еске сақтау ережесін білуіміз қажет.
1. Ең алдымен есте ұстау керек мәліметті бөліп алу керек.
2. Барлық зейінді есте сақтауға қажетті материалға шоғырландыру қажет.
3. Қажетті материалдың ішінен негізгісін және қосымшасын бөліп алған дұрыс.
4. Күрделі, қиын материалды есте сақтау үшін мазмұнын негізге алған жөн.
5. Өздеріңіздің есте сақтау қабілеттеріңізге сенімді болыңыздар және оны үнемі жаттықтырып тұрыңыздар
6. Жүйелі түрде қайталап есте сақталған материалды қайта жаңғырту керек.
7. Тану мен қайта жаңғыртуды араластырмаңыздар.
8. Қайта жаңғырту қиын болған жағдайда сол сәттегі жағдайдың әрбір оқиғасын жекелеп еске түсіріңіздер.
9. Естеріңізде болсын жүйкеге шамадан тыс күш түсіру мен мазасыздық - еске сақтаудың ең бірінші жауы. Есте жақсы сақтау үшін денсаулық мықты болу керек.
10. Еске сақтауды жаттықтыру барысында Зейін, Байқағыштық және Ерік процестерін ұмытпаңыздар.
11. Таңертеңгілік 8 - 12 сағ. арасында еске сақтауды жаттықтыру жұмысы жемісті нәтижені береді. Жемісті жұмыстың шарықтау шегі - кешкі 19. 00.
12. Шай мен кофе еске сақтауды белсенді етеді, ал шылым шегу еске сақтауды әлсіретеді.
Еске сақтаудағы маңызды құпия – 
ЭМОЦИОНАЛДЫ ЕСТЕ САҚТАУ.
Стресті жеңу үшін не істеу қажет.
Біріншіден: стресс кезінде ағзада витаминдер қоры бітеді, әсіресе, В витамині жетіспейді. Дәрігерлердің көбі витаминдерді пайдалану қажет десе де, шамаңыз келсе пайдаланбаған жөн.
Екіншіден: денені шынықтыру қажет. Спортзалға жиі барып дене шынықтыру жаттығуларын жасаңдар, билеңдер, ән айтыңдар, бассейнге барып жүзіңдер, далада көп серуендеңдер.
Үшіншіден: психикалық және физикалық демалу үшін релаксация қажет. Келесі әдістерді қолданып көріңіздер: баяу музыканы тыңдап, түнгі аспанға қарап армандаңдар.
Төртіншіден: үйлесімді өмір сүру үшін ең алдымен отбасының, жолдастарыңның, жақын - туыстардың көмегі қажет. Психологиялық тренингтерге барып, жанұядағы салтанатты мәжілістерге, тойларға баруды және қызықты жаңа адамдармен танысуды ұмытпаңыздар. Ата - аналарыңа, өздеріңнің әжелері мен аталарыңа, ағаларын мен апайларыңа және басқа жақын - туыстарына барып, амандығын білуге тырысыңыз. Өйткені, олар да сізден махаббат, қамқорлық, мейрімді жылы сөзді күтіп отыр.

]]>
ҰБТ-ға қатысатын оқушыларға психологиялық кеңес

Қалай нәтижелі болуға болады? ҰБТ-ға психологиялық дайындық. http://ulgili-maktaaral.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/73-alay-ntizhel-bolua-bolady-bt-a-psihologiyaly-dayyndy.html http://ulgili-maktaaral.mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/73-alay-ntizhel-bolua-bolady-bt-a-psihologiyaly-dayyndy.html Мақсаты: Оқушылырға стресстік жағдайларды жеңе білуге және Ұлттық бірыңғай тестілеу кезіндегі өздеріне сенімділіктерін арттыра түсуге көмектесу.

Көзің шаршаса не істейсін?

Емтиханға дайындалу кезінде көзге ауырлық түседі. Егер көзіңіз шаршаса, онда агзаңыз шаршайды. Мұндайда емтихан тапсырмасын орындауға күшіңіз жетпейді. Сондықтан көзіңіздің демалуына жағдай жасау керек. Кез-келген 2 жаттығуды орындаңыз:

—        Кезегімен жоғары-төмен (25 секунд), оңға-солға (15 секунд) қараңыз;

—        Көз қарашығыңызбен аты-жөніңізді жазыңыз;

—        Ұзақтағы бір затқа 20 секунд, сосын алдыңыздағы қағазға 20 секунд көзіңізді тігіңіз;

—        Сағат тілі бойынша оған кері етіп, көз қарашығыңыз бен  квадрат, үшбұрыш салыңыз.

]]>
Мақсаты: Оқушылырға стресстік жағдайларды жеңе білуге және Ұлттық бірыңғай тестілеу кезіндегі өздеріне сенімділіктерін арттыра түсуге көмектесу.

Көзің шаршаса не істейсін?

Емтиханға дайындалу кезінде көзге ауырлық түседі. Егер көзіңіз шаршаса, онда агзаңыз шаршайды. Мұндайда емтихан тапсырмасын орындауға күшіңіз жетпейді. Сондықтан көзіңіздің демалуына жағдай жасау керек. Кез-келген 2 жаттығуды орындаңыз:

—        Кезегімен жоғары-төмен (25 секунд), оңға-солға (15 секунд) қараңыз;

—        Көз қарашығыңызбен аты-жөніңізді жазыңыз;

—        Ұзақтағы бір затқа 20 секунд, сосын алдыңыздағы қағазға 20 секунд көзіңізді тігіңіз;

—        Сағат тілі бойынша оған кері етіп, көз қарашығыңыз бен  квадрат, үшбұрыш салыңыз.

Күн тәртібі

Бір күнді үш бөлікке бөліңіз:

—        Емтиханға дайындық күніне 8 сағат

—        Спортпен айналысуға, таза ауада серуендеуге 8 сағат

—        8 сағаттан кем уйықтамаңыз және қажет болса тусте дем алып алыңыз

Тамақтану

Тамақтану 3-4 реттен витаминге толы болу керек. Тамақтанғанда грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балық, ет, көкөніс, жеміс-жидекті, шоколадты қолдану керек. Емтихан алдында көп тамақтанбау керек.

«Шынымды айтсам» топтық жаттығулар.

Мақсаты: айналадағылардың топтық сенімін бекіту, ішкі қысымнан, қорқыныштан арылту, ашық болуға бағыттау.

Нұсқау: алдарыңызда топтамалар жиынтығы жатыр. Қазір әрқайсыңыз кезекпен шығып, аяқталмаған сөйлемдер жазылған топтаманы бір-бірден аласыз. Сізге ойланбастан сөйлемді аяқтау керек. Мүмкіндігінше шынайы болуға тырысыңыз.

Топтама үлгілері:

Шынымды айтсам, тест, емтихан туралы ойласам …

Шынымды айтсам, тест, емтиханға дайындалып жатқанда …

Шынымды айтсам, мен үйге келгенде …

Шынымды айтсам, мен қобалжығанда …

Шынымды айтсам, мен консультацияға келгенде …

Шынымды айтсам, мен мектепті аяқтаған жоқ …

«Стресс» тесті

Мақсаты: бітірушінің стресске берілгіштігін анықтау.

Нұсқау: пікірлерді оқып, өз келісіміңіздің деңгейін төмендегі шкалалар бойынша белгілеуіңіз қажет.

Ешқашан – 1 балл

Кейде – 2 балл

Жиі – 3 балл

Әрқашан – 4 балл

  1. Мені болар болмас мәселелер кейде ашуландырады.
  2. Біреуді күтуіме тура келсе, менің жүйкем жұқарады.
  3. Ыңғайсыз жағдайға тап болғанда мен қызарамын.
  4. Мен өкпелесем, онда біреуді ренжітуім мүмкін.
  5. Сынды көтере алмаймын, көтеріліп кетемін.
  6. Егер мені көлікте итерсе, мен дәл солай қайтарамын немесе дөрекі сөйлеймін.
  7. Барлық бос уакытымда бір нәрсемен шұғылданамын.
  8. Кездесуге әрқашан да алдын-ала келемін немесе кешігемін.
  9. Тыңдай білмеймін килігіп кетемін.
  10. Тәбетімнің жоқтығынан қиналамын.
  11. Еш себебсіз жиі қамығамын.
  12. Таңертең өзімді нашар сезінемін.
  13. Өзімді шаршаңқы сезінемін, нашар ұйықтаймын, ойымды басқаға аудара алмаймын.
  14. Ұзақ ұйқыдан кейін де өзімді қалыпты сезіне алмаймын.
  15. Меніңде жүрегімде бір кінәрат бар.
  16. Менің арқам мен мойыным ауырады.
  17. Үстел үстінде отырғанда үстелді саусақтарыммен ұрып, аяғымды қимылдатамын.
  18. Өзгелер мені мойындағанын және мақтағанын қалаймын.
  19. Мен көпшілігнен жақсымын деп ойлаймын.
  20. Мен диета сақтаймын.

Бағалау шкаласы:

30 балл және төмен.  Сіз туындаған мәселелерді шешіп, тыныш әрі ақылмен өмір сүресіз. Сізде жалған атаққұмарлық та, шектен тыс қарапайымдылық та жоқ. Бұл адамдар адамдар бәріне жақсы жағынан ғана қарап, кемшілігін ескермейді.

31-41 балл. Сіздің өміріңіз іс әрекет пен арпалысқа толы, стресс жағымды және жағымсыз түрде әсерін тигізеді. Сіз өміріңізді өзгерпейсіз, дегенмен де өзіңізге де уақыт бөліңіз.

46-60 балл. Сіздің өміріңіз күрес. Сіз атақты болуды ұнатасыз және карьераны армансайсыз. Сізге басқаның пікірі маңызды, сондықтан үнемі стрессте жүресіз. Егер дәл осындай қарқынмен жүрсеңіз, көп нәрсеге қол жеткізесіз,  дегенмен де бұл сізге қуаныш әкеле ме? Артық сөз бәсекелесі қажет емес, ұсақ-түйекке ашуланбаңыз. Әрқашан жоғары нәтижегет жетуге тырыспаңыз. Уақыт-уақытымен толық тынығуға уақыт бөліңіз.

61 балл және одан артық. Сіз бірде газды бірде тежегішті басатын машина жүргізушісі сияқты өмір сүресіз. Өмір салтыңызды өзгертіңіз. Сіздің стресс жағдайыңыз, денсаулығыңызға және болашағыңызға қауіп келтіреді.

«Ну ормандағы жаңбыр» жаттығуы.

Мақсаты: иық, мойын омыртқаларындағы бұлшық ет түйсінуінен арылту, босаңсыту.

Нұсқау: бір-біріңізбен тығыз тұрыңыздар. Өздеріңізді ну ормандағыдай елестетіңіздер. Ауа-райы алдымен керемет еді, күн ашық, өте ыстық және қапырық болатын. Міне кішкене жел ұрды. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыздар. Жел күшейіп, қол қимылы да жылдамдай түседі. Дауыл басталды, қол қимылдары да айналдыра жасалып, күшейді. Сосын ақ жауын жауды (жұбыңыздың арқасынан жеңіл түрде қағасыз). Міне, нөсер басталды (саусақтармен қимылдар жасап, алақанмен жоғары-төмен жүргізесіз). Нөсер үдей түсті (барлық саусақтарыңызбен қатты қағасыз). Қайта нөсерлетті, ақ жауын жауды, дауыл тұрды, қатты жел тұрды, ол қайта басылды, сосын табиғатта барлығы тынышталды. Қайта күн шықты.  Ал, енді 180 градусқа айналып, ойынды жалғастырыңыздар.

Талдау:

—        Сіздер осындай массаждан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз? Жағымды болды ма?

—        Әлде тек әрекеттерді ғана орындау қажет болды ма?

«Көзді жұму арқылы шеңбер жасау» жаттығуы.

Қатысушылар аудиторияның ортасына жиналады. Жүргізушінің белгісі арқылы көздерін жұмып, сөйлеспей, барлығы шеңбер (үшбұрыш, төртбұрыш) жасауға тырысу керек. Бірнеше минуттан соң жүргізушінің белгісі арқылы көздерін ашып, қандай қиындық соққанын және не жеңіл болғанын талқылайды.

Жаттығу аяқталғаннан кейін психолог оқушыларға сабаққа белсенді қатысқандары үшін алғыс айтып, болашақ ҰБТ-дан сүрінбей өтулеріне тілектестік білдіріп, сәттілік тілейді.

]]>
admin Fri, 16 Oct 2020 11:46:57 +0600
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2018 жылы 10 қаңтардағы жолдауы http://ulgili-maktaaral.mektebi.kz/oushylara/bt/84-memleket-basshysy-nnazarbaevty-2018-zhyly-10-atarday-zholdauy.html http://ulgili-maktaaral.mektebi.kz/oushylara/bt/84-memleket-basshysy-nnazarbaevty-2018-zhyly-10-atarday-zholdauy.html
Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.
Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде.
Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, «Қазақстан-2050» даму стратегиясын қабылдадық.
Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойдық.
100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Оның 60 қадамы қазірдің өзінде орындалып қойды. Қалғандары, негізінен, ұзақ мерзімге арналған және жоспарлы түрде іске асырылуда.
Өткен жылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бастау алды.
Индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асуда.
«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданды.
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалды.
Біздің ұзақ мерзімді мақсаттарымыз өзгеріссіз қала береді.
Қажетті бағдарламалардың барлығы бар.
Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды.

Құрметті отандастар!
Біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, брендке айналған тәуелсіз Қазақстанды құрдық.
2017 жылы біздің ел БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды.
2018 жылдың қаңтар айында оған төрағалық етудеміз.
Біз дүниежүзілік ЭКСПО мамандандырылған көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасындағы бірінші мемлекет болдық.
Қазақстанда табысты жұмыс істеп келе жатқан нарықтық экономика моделі қалыптасты.
2017 жылы еліміз әлемдік дағдарыстың қолайсыз салдарын еңсеріп, сенімді өсу жолына қайта түсті.
Жыл қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің өсуі 4 процент болып, ал өнеркәсіптік өнімнің өсуі 7 проценттен асты.
Бұл орайда, өнеркәсіптің жалпы көлемінде өңдеуші сектордың үлесі 40 проценттен асып түсті.
Қазақстанның қолайлы дамуы орта таптың қалыптасуына мүмкіндік берді.
Кедейшілік 13 есе қысқарып, жұмыссыздық деңгейі 4,9 процентке дейін төмендеді.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық табыстарының негізі – біздің басты құндылықтарымыз ретінде қала беретін азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім.
Дегенмен, Қазақстанның жетістіктері сенімді тірек саналады, бірақ ол ертеңгі табыстарымыздың кепілі емес екенін жақсы сезінуіміз керек.
«Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып келеді. Елімізге дамудың жаңа сапасы қажет.
Жаһандық трендтер көрсетіп отырғандай, ол, бірінші кезекте, Төртінші өнеркәсіптік революцияэлементтерін кеңінен енгізуге негізделуі тиіс.
Мұның өзіндік сын-қатерлері де, мүмкіндіктері де бар.
Жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екеніне сенімдімін.
Бұл үшін мынадай міндеттерді шешуге жұмылуымыз керек.

БІРІНШІ. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.
Оның нәтижелері мұнай бағасы күрт төмендеген 2014-2015 жылдардағы дағдарыста негізгі тұрақтандырушы факторлардың бірі болды.
Сол себепті жоғары еңбек өнімділігі бар қайта өңдеу секторына деген бағдарымыз өзгерген жоқ.
Сонымен қатар индустрияландыру 4.0 жаңа технологиялық қалыптың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мейлінше инновациялық сипатқа ие болуға тиіс.
Кәсіпорындарымызды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін жаңа құралдарды әзірлеп, сыннан өткізу қажет.
Бұлар, бірінші кезекте, технологиялардың трансфертін ынталандыруға тиіс.
Еліміздің бірнеше өнеркәсіптік кәсіпорнын цифрландыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырып, бұл тәжірибені кеңінен тарату керек.
Цифрлық және басқа да инновациялық шешімдерді әзірлеушілердің өз экожүйесін дамытуы аса маңызды мәселеге айналып келеді.
Ол біздің Назарбаев Университеті, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, IT-стартаптардың халықаралық технопаркі сияқты инновациялық орталықтардың төңірегінде қалыптасуға тиіс.
«Алатау» инновациялық технологиялар паркінің қызметін ұйымдастыруды түбегейлі қайта қарау қажет.
Нақты сектордың жаңа технологияларға деген сұранысты ынталандыруы және венчурлық қаржыландырудың жеке нарығының қызметі инновациялық экожүйе жетістіктерінің негізгі факторлары болып саналады.
Бұл үшін тиісті заңнама қажет.
Бұдан бөлек, IT және инжинирингтік қызмет көрсетуді дамыту ерекше маңызға ие болып отыр.
Экономиканы цифрландыру табыс әкелгенімен, жұмыс күшінің көптеп босап қалу қаупін де тудырады.
Босайтын жұмыс күшін еңбекпен қамту үшін келісілген саясатты алдын ала тиянақтау керек.
Білім беру жүйесін, коммуникация мен стандарттау салаларын жаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеу қажет болады.
2018 жылы «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыруға арналған индустрияландырудың үшінші бесжылдығын әзірлеуге кірісу керек.

ЕКІНШІ. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.
ХХІ ғасырда әлемнің табиғи ресурстарға деген мұқтаждығы жалғасуда. Олар болашақта жаһандық экономиканы және еліміздің экономикасын дамыту барысында ерекше маңызға ие болады.
Бірақ шикізат индустрияларын ұйымдастыру ісін, табиғи ресурстарды басқаруға қатысты ұстанымдарды сыни тұрғыдан қайта пысықтау керек.
Кешенді ақпараттық-технологиялық платформаларды белсенді түрде енгізу қажет.
Кәсіпорындардың энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуге, сондай-ақ энергия өндірушілердің өз жұмыстарының экологиялық тазалығы мен тиімділігіне қойылатын талаптарды арттыру керек.
Астанада өткен ЭКСПО-2017 көрмесі баламалы, «таза» энергия саласындағы дамудың қаншалықты қарқынды екенін көрсетті.
Бүгінде әлем бойынша өндірілетін электр энергиясының төрттен бірі жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі.
Болжам бойынша, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 80 процентке жетеді.
Біз 2030 жылға қарай Қазақстандағы баламалы энергия үлесін 30 процентке жеткізу міндетін қойдық.
Қазір бізде жалпы қуаттылығы 336 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 55 нысаны жұмыс істейді. Соларда 2017 жылы 1,1 миллиард киловатт-сағат «жасыл» энергия өндірілді.
«Жасыл» технологияларға инвестиция салу үшін бизнесті ынталандыру маңызды.
Өңірлердің әкімдері шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тартып, тұрмыстық қаттықалдықтарды заман талабына сай утилизациялау және қайта өңдеу үшін шаралар қабылдау керек.
Осы және басқа да шаралар заңнамаға, соның ішінде Экологиялық кодекске өзгерістер енгізуді талап етеді.

ҮШІНШІ. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.
Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек.
Біз егін егіп, дәнді дақылдарды өсіруді үйрендік.
Оны мақтан тұтамыз. Алайда, қазір ол жеткіліксіз.
Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығуымыз қажет.
Бұл мәселені шешуге барлық аграрлық кешеннің түбегейлі бет бұруы маңызды.
Аграрлық ғылымды дамыту мәселесі басты назарда болуға тиіс.
Ол ең алдымен жаңа технологияларды трансферттеумен және оларды отандық жағдайға бейімдеумен айналысуы қажет.
Осыған орай аграрлық университеттердің рөлін қайта қарау керек.
Олар диплом беріп қана қоймай, ауыл шаруашылығы кешенінде нақты жұмыс істейтін немесе ғылыммен айналысатын мамандарды дайындауға тиіс.
Бұл жоғары оқу орындарынан оқу бағдарламаларын жаңартып, агроөнеркәсіп кешеніндегі озық біліммен үздік тәжірибені тарататын орталықтарға айналу талап етіледі.
Мысалы, егін егу мен астық жинаудың оңтайлы уақытын болжамдаудың, «ақылды суарудың», минералды тыңайтқыш себудің, зиянкестермен және арамшөппен күресудің интеллектуалды жүйелері арқылы өнімділікті бірнеше есе арттыруға болады.
Жүргізушісі жоқ техника адами факторды азайтып, егіншіліктің өзіндік құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.
Жаңа технологиялар мен бизнес-модельдерді енгізу, агроөнеркәсіп кешенінің ғылымға негізделуін арттыру шаруашылықтарды кооперациялау қажеттігін күшейтеді.
Ауыл шаруашылығы субъектілерінің кооператив түрінде жұмыс істеуіне жан-жақты қолдау көрсетукерек.
Мемлекет бизнеспен бірлесіп, отандық өнімді халықаралық нарыққа шығарудың стратегиялық жолын тауып, ілгерілетуге тиіс.
Ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту өнімнің сапасы мен экологиялық тазалығын сақтай отырып жүргізілуі қажет.
Бұл бүкіл әлемге танылатын «Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік брендін қалыптастырып, ілгерілетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жерді барынша тиімді игеретіндерді ынталандырып, ал дұрыс пайдалана алмайтындарға шара қолдану керек.
Тиімсіз субсидияларды ауыл шаруашылығы кешені субъектілеріне арналған банк несиелерін арзандатуға қайта бағыттау қажет.
5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығыөнімінің экспортын, тиісінше, кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырамын.

ТӨРТІНШІ. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.
Бүгінде Қазақстан арқылы бірнеше трансконтиненталды коридор өтеді.
Бұл туралы көп айтылды.
Жалпы, Қазақстан арқылы өткен жүк транзиті 2017 жылы 17 процентке өсіп, 17 миллион тоннаға жуықтады.
Транзиттен түсетін жыл сайынғы табысты 2020 жылы 5 миллиард долларға жеткізу міндеті тұр.
Бұл инфрақұрылымға жұмсалған мемлекет қаражатын тез арада қайтаруға мүмкіндік береді.
Жүк қозғалысын онлайн режімінде бақылап, олардың кедергісіз тасымалдануы үшін және кедендік операцияларды жеңілдету мақсатымен блокчейн сияқты цифрлық технологиялардың ауқымды түрде енгізілуін қамтамасыз ету қажет.
Заманауи шешімдер логистиканың барлық буынының өзара байланысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
«Үлкен деректерді» (Big data) пайдалану сапалы талдауды қамтамасыз етуге, өсімнің резервінанықтауға және артық шығынды азайтуға жағдай туғызады.
Осы мақсаттар үшін Интеллектуалды көлік жүйесін енгізу қажет.
Бұл жүйе көлік ағынын тиімді басқаруға және инфрақұрылымды одан әрі дамыту қажеттігін анықтауға жол ашады.
Ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салуға арналған қаржы көлемін көбейту керек.
Осыған жыл сайын бөлінетін бюджет қаражатының жалпы көлемін орташа мерзімдегі кезеңде 150 миллиард теңгеге жеткізу қажет.
Бұл жұмысқа өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету керек.

БЕСІНШІ. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.
Жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар арқасында Қазақстанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі жылына 10 миллион шаршы метрден асты.
Тұрғын үйді көпшілікке қолжетімді еткен тұрғын үй жинақтау жүйесі тиімді жұмыс істеуде.
Баспанамен қамту көрсеткіші соңғы 10 жылда бір тұрғынға шаққанда 30 процентке өсіп, бүгінде 21,6 шаршы метрді құрады.
Бұл көрсеткішті 2030 жылы 30 шаршы метрге дейін жеткізу керек.
Осы міндетті орындау барысында құрылыс салудың жаңа әдістерін, заманауи материалдарды,сондай-ақ ғимараттардың жобасы мен қала құрылысының жоспарын жасағанда мүлде басқа тәсілдердіқолдану керек.
Ғимараттардың сапасына, экологиялық тазалығына және энергиялық тиімділігіне жоғары талап қою қажет.
Салынатын және салынған үйлер мен инфрақұрылымдық нысандарды интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықтау керек.
Бұл тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, электр энергиясын, жылу мен суды тұтынуды қысқартып, табиғи монополистерді тиімді жұмысқа ынталандырады.
Заңнамаға, соның ішінде табиғи монополиялар саласын реттейтін заңдарға тиісті өзгерістер енгізу қажет.
Әкімдер тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жетілдіру мәселесін мемлекет-жекеменшік серіктестігі негізінде белсенді шешуі керек.
Ауылдық елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін Үкімет бұл іске барлық қаражат көздерінен жыл сайын кем дегенде 100 миллиард теңге қарастыруы қажет.

АЛТЫНШЫ. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».
Банктік портфельдерді «нашар» несиеден арылту ісін аяқтау қажет.
Ол үшін банк иелері шығындарын мойындай отырып, экономикалық жауапкершілік алуға тиіс.
Акционерлердің аффилирленген компаниялар мен жеке адамдардың пайдасы үшін банктерден қаржы шығаруы ауыр қылмыс болып саналуға тиіс.
Ұлттық Банк мұндай істерге немқұрайлы қарамау керек.
Әйтпесе, мұндай мемлекеттік органның не керегі бар?
Ұлттық Банк тарапынан қаржы институттарының қызметін қадағалау қатаң, уақтылы әрі нәтижеліболуға тиіс.
Мемлекет қарапайым азаматтардың мүдделерін қорғауға одан әрі кепілдік береді.
Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылдауды тездету қажет.
Сонымен қатар 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін халыққа берілген валюталық ипотекалық займдар жөніндегі мәселені Ұлттық Банкке толығымен шешуді тапсырамын.
Сол күннен бастап аталған валюталық займдарды жеке тұлғаларға беруге заң жүзінде тыйым салынған болатын.
Ұлттық Банк пен Үкімет экономика салаларындағы нақты тиімділікті есепке алатын ставкалармен бизнеске ұзақ мерзімді несиелендіруді қамтамасыз ету мәселесін бірлесіп шешуге тиіс.
Инвестициялық ахуалдың одан әрі жақсаруы және қор нарығының дамуы маңызды болып саналады.
Бұл – жұмысын бастаған «Астана» халықаралық қаржы орталығының негізгі міндеттерінің бірі.
Ол халықаралық озық тәжірибені пайдаланып, ағылшын құқығы мен заманауи қаржы технологияларын қолданатын өңірлік хабқа айналуға тиіс.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» ұлттық компанияларының акцияларын IPO-ға табысты түрде шығару қор нарығын дамытуға септігін тигізеді.

ЖЕТІНШІ. Адами капитал – жаңғыру негізі.
Білім берудің жаңа сапасы.
Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет.
Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс.
2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет.
Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады.
Бұл – мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар.
Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады.
Еліміздің университеттеріндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту қажет.
Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек.
Бұл – жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты.
Білім беру мекемелерінің арасындағы бәсекелестікті арттырып, жеке капиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыру енгізілетін болады.
Біздегі оқушылардың жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары болып отырғанын және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қарағанда орта есеппен үштен бір еседен көп екенін ескеріп, оны төмендету керек.
Барлық өңірлердегі Оқушылар сарайларының базасында компьютерлерді, лабораторияларды және 3Д-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құру керек.
Бұл жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге көмектеседі.
Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде.
Орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленіп, енгізілуде.
Егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет.
Алайда, соңғы жылдары әлемде қалыптасқан 7 мың термин қазақ тіліне аударылған.
Мұндай «жаңалықтар» кейде күлкіңді келтіреді.
Мысалы, «ғаламтор» (Интернет), «қолтырауын» (крокодил), «күйсандық» (фортепиано) және тағы сол сияқтылар толып жатыр.
Осындай аудармаларды негіздеу тәсілдерін қайта қарастырып, терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату керек.
Латын әліпбиіне көшу бұл мәселені реттеуге мүмкіндік береді.
2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажет.
Орыс тілін білу маңызды болып қала береді.
2016 жылдан бері жаңартылған бағдарлама бойынша орыс тілі қазақ мектептерінде 1-сыныптан бастап оқытылып келеді.
2019 жылдан 10-11-сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын болады.
Нәтижесінде, біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады.
Сонда ғана нағыз азаматтық қоғам құрылады.
Кез келген этникалық топтың өкілі кез келген жұмысты таңдай алады, тіпті Президент болып сайлануғада мүмкіндігі болады.
Қазақстандықтар біртұтас ұлтқа айналады.
Оқытудың мазмұндылығы заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы үйлесімді түрде толықтырылуға тиіс.
Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру қажет.
Жұмыс берушілерді тарту арқылы және халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту керек.
«Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру қажет.
Мемлекет жастарға алғашқы мамандықты береді.
Үкімет бұл міндетті орындауға тиіс.
Орта мектеп пен колледждер және жоғары оқу орындары үздік оқытушыларының видеосабақтары мен видеолекцияларын Интернетте орналастыру керек.
Бұл барлық қазақстандықтарға, оның ішінде шалғайдағы елді мекен тұрғындарына озық білім мен құзыреттілікке қол жеткізуге жол ашады.
Жоғары білім беру ісінде жасанды интеллектпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер санын көбейту керек.
Осыған орай металлургия, мұнай-газ химиясы, агроөнеркәсіп кешені, био және IT-технологиялар салаларын зерттеу ісінде басымдық беретін жоғары оқу орны ғылымын дамыту керек.
Қолданбалы ғылыми-зерттеулерді ағылшын тіліне біртіндеп көшіруді жүзеге асыру талап етіледі.
Жоғары оқу орындары шетелдердің жетекші университеттерімен, ғылыми орталықтарымен, ірі кәсіпорындарымен және трансұлттық корпорацияларымен бірлескен жобаларды белсенді түрде жүзеге асыруы қажет.
Жеке сектордың бірлескен қаржыландыруға атсалысуы барлық қолданбалы ғылыми-зерттеу әзірлемелері үшін міндетті талап болуға тиіс.
Жас ғалымдарымызға ғылыми гранттар аясында квота бөліп, оларды қолдаудың жүйелі саясатын жүргізуіміз керек.
Білім беру саласына өзінің инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуеті бар экономиканың жеке саласы ретінде қарайтын кез келді.
Жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын жасауға көбірек құқық беріп, олардың академиялық еркіндігін заңнамалық тұрғыдан бекіту керек.
Оқытушылардың қайта даярлықтан өтуіне күш салып, жоғары оқу орындарына шетелдік менеджерлерді тартып, әлемдік университеттердің кампустарын ашу қажет.
Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек.
«Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында.
Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс.

Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт.
Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланыстымедициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетін болады.
Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс.
Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек.
Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға және нығайтуға ерекше назар аудару керек.
Тиімділігі аз және мемлекет үшін шығыны көп диспансерлік ем қолданудан негізгі созылмалы ауруларға алыстан диагностика жасап, сондай-ақ осы саланы амбулаторлық емдеу арқылы басқаруға көшу қажет.
Бұл тәжірибе әлемде бұрыннан бар.
Оны батыл әрі белсенді түрде енгізу керек.
Онкологиялық аурулармен күресу үшін кешенді жоспар қабылдап, ғылыми онкологиялық орталық құру қажет.
Халықаралық озық тәжірибе негізінде ауруды ерте диагностикалаудың және қатерлі ісікті емдеудің жоғары тиімділігі қамтамасыз етілуге тиіс.
Біз кардиология, босандыру және өкпе ауруымен күресу кезінде атқарған істеріміз сияқты жұмыстарды да жүргізуіміз керек.
Денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшетін болады.
Оны енгізудің қажеттілігі ешқандай күмән туғызбайды.
Алайда, Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі іске асырмаған дайындық жұмыстарын тыңғылықты жүргізу талап етіледі.
Мемлекеттің міндеттерін нақты белгілей отырып, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін әзірлеу қажет.
Халық мемлекет тарапынан кепілдік берілмеген қызметтерді Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде немесе ерікті медициналық сақтандыру, сондай-ақ бірлесе төлеу арқылы ала алады.
Ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажет.
Медицинада ауруларды диагностикалау мен емдеудің тиімділігін айтарлықтай арттыратын генетикалық талдау мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге кірісуіміз керек.
Медициналық кадрлармен қамтамасыз ету және оларды сапалы даярлау маңызды мәселе болып саналады.
Бүгінде бізде Назарбаев Университетінің бірегей Медицина мектебі бар. Онда біріктірілген университет клиникасы жұмыс істейді.
Бұл тәжірибе барлық медициналық жоғары оқу орындарына таратылуға тиіс.
Осы және басқа да шараларды іске асыру үшін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің жаңа редакциясын әзірлеу қажет.
Сапалы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесі.
Еңбек нарығының тиімділігін қамтамасыз етіп, әрбір адамның өз әлеуетін іске асыра алуы үшін жағдай жасаудың маңызы зор.
Барлық негізгі мамандық бойынша заманауи стандарттар әзірлеу қажет.
Бұл стандарттарда жұмыс берушілер мен бизнесмендер еңбеккерлердің білімі, қабілеті мен құзыретінің қандай болуы қажеттігін нақты белгілейді.
Кәсіби стандарттардың талаптарын ескеріп, білім берудің жаңа бағдарламаларын әзірлеу қажет немесе қазіргі бағдарламаларды жаңарту керек.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар экономикалық өсімнің резерві саналады.
Мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәселесін қарастыру жөнінде бірнеше рет талап қойғанмын.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл іске жауапсыздық танытып, атүсті қарап отырды.
Адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керек.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнесті үйрету жөніндегі жұмыстары қолдауға тұрарлық.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында оның құралдарын нығайта отырып, халықтың осы санаттарын кеңінен тарту қажет.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеу үдерісін мейлінше жеңілдетіп, оларға мемлекет алдындағы міндеттерін адал атқару тиімді болатындай жағдай туғызу қажет.
Қазақстандықтардың жаңа жұмыс орнын салыстырмалы түрде тезірек иеленуге, соның ішінде еліміздің басқа да елді мекендерінен жұмыс табуға мүмкіндігі болуға тиіс.
Бірыңғай электрондық еңбек биржасын кең ауқымда енгізу қажет. Онда бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер туралы барлық ақпарат жинақталуға тиіс.
Азаматтар үйлерінен шықпай-ақ кәсіби бағдарлы тест тапсырып, оқу курстары мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы біліп, өзін қызықтыратын жұмыс таба алатын болады.
Еңбек кітапшаларын да электрондық форматқа көшірген жөн.
Электрондық еңбек биржасы туралы заңды 2018 жылғы 1 сәуірге дейін қабылдау қажет.
Әлеуметтік саясат азаматтарды толыққанды экономикалық өмірге тарту арқылы жүзеге асырылатын болады.
Қазір зейнетақы жүйесі толықтай еңбек өтіліне байланыстырылған.
Кім көп жұмыс істесе, сол көп зейнетақы алатын болады.
Осыған орай, барша қазақстандықтар өздерінің атқаратын жұмыстарын заңдастыруға зор мән беруі керек.
Әлеуметтік сақтандыру жүйесінде де еңбек өтілі мен өтемақы мөлшері арасындағы өзара байланыс күшейтілетін болады.
Біз 2018 жылдан бастап халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тобына атаулы әлеуметтік көмеккөрсетудің жаңа тәртібіне көштік.
Оның шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 процентінен 50 процентіне дейін көтерілді.
Еңбекке қабілетті әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтар үшін берілетін қаржылай көмек оларжұмыспен қамту шараларына қатысқан жағдайда ғана қолжетімді болады.
Еңбекке қабілетсіз азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары күшейтіледі.

Қымбатты қазақстандықтар!
Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерінің барлығын толықтай орындайды.
2016-2017 жылдары зейнетақы мен жәрдемақы үш рет көбейгенін еске салғым келеді.
Базалық зейнетақы, жалпы алғанда, 29 процентке, ынтымақты зейнетақы 32 процентке, бала тууға байланысты жәрдемақы 37 процентке, ал мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақының әрқайсысы 43 процентке өсті.
Денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің жалақысы 28 процентке дейін, білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысы 29 процентке дейін, әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерініңжалақысы 40 процентке дейін, «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 30 процентке, стипендиялар 25 процентке өсті.
Дағдарыс заманы. Әйтсе де, әлемнің санаулы ғана елдері әлеуметтік салаға жұмсайтын шығындарын осылай арттыра алды.
Республикалық бюджеттің әлеуметтік салаға бөлінген шығыны 2018 жылы 12 процентке өсіп, 4,1 триллион теңгеден асты.
Әлеуметтік төлемдерді, соның ішінде зейнетақыны өсіру 3 миллионнан астам қазақстандықтың табыстарын көбейтеді.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 8 процентке артты.
Мүгедектерге, асыраушысынан айырылған және мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасыларына арналған жәрдемақылар 16 процентке дейін өсті.
2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты орташа алғанда 1,8 есе көбейетін болады.
Бұдан бөлек, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырамын.
Бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем емес мұндай жәрдемақыны шамамен 14 мың отбасы ай сайын алады.
2018 жылы осы мақсатқа 3 миллиард теңгеге дейін қаржы қажет болады.
Мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 процентке көбейтуді тапсырамын.
Жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары.
Бұлар біздің балаларымызға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады.
Сонымен қатар 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізуді тапсырамын.
Категорияларды бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест арқылы беру керек.
Бұл педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыратын болады.
Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өседі.
Бұл үшін биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу қажет.

СЕГІЗІНШІ. Тиімді мемлекеттік басқару.
Мемлекеттік әкімшілендіру кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындардың шығындарын қысқартуға байланысты жұмыстарды жалғастыру қажет.
Осыған орай бизнесті реттеуге қатысуды әрі қарай азайтуға бағытталған заң қабылдауды жылдамдату керек.
«Бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландырудықамтамасыз ету қажет.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы «бір өтініш» қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар табиғи монополия субъектілері көрсететін қызметтерінің сапасын арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру керек.
Олар үшін және энергия өндірушілер үшін инвестициялық бағдарламаларын ескеріп, негізделген тарифтерді белгілеу маңызды.
Бизнес-климатты жақсарту үшін батыл іс-қимыл талап етіледі, әсіресе өңірлік деңгейде.
Үкімет бизнесті көлеңкеден шығарып, оны қолдауға бағытталған жүйелі шаралардың жаңа пакетіндайындауға тиіс.
Мемлекеттік органдарға бағынышты ұйымдардың санын қысқарту есебінен жекешелендіру жоспарын кеңейте отырып, оны іске асыруды жеделдету қажет.
Әкімшілік шығындарды азайту үшін ведомствоға бағынышты нақты қажетті ұйымдарды мүмкіндігіншебіріктіру керек.
Босаған қаражатты мемлекеттік қызметшілердің факторлық-балдық шкалаға негізделген жаңа еңбекақы жүйесін енгізуге бағыттау қажет.
Бұл орталықтағы және өңірлердегі мемлекеттік қызметшілер жалақысының диспропорциясын қысқартады, сондай-ақ жұмыстың сипаты мен тиімділігі ескерілетін болады.
Үкіметке Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, 2018 жылы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда осы жүйені енгізудің пилоттық жобаларын іске асыруды тапсырамын.
Өңірлердегі мемлекеттік қызметтің тиімділік әлеуетін олардың экономикалық дербестігі мен жауапкершілігін арттыру арқылы мейлінше толық ашу керек.
Жалпы алғанда, өңірлік саясат өңірлердің шығындарын теңестіруден жеке табыстарының өсімін ынталандыруға бағытталуға тиіс.
Атап айтқанда, бүгінде әлемдегі әрбір оныншы жұмыс орнын ашып отырған сырттан келушілер туризмі мен ішкі туризм кез келген өңір үшін перспективалық табыс көздерінің бірі болып саналады.
Үкімет виза мәселелерін жеңілдетуді, инфрақұрылымды дамытуды және туризм саласындағы кедергілерді алып тастауды қамтитын кешенді шаралар қабылдауы керек.
Фискальды орталықсыздандыру аясында шағын және орта бизнестен түсетін корпоративті табыс салығын өңірлік бюджеттерге беру мәселесін шешу керек.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2 мыңнан астам адам тұратын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар мен ауылдық округтерде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу заң жүзінде белгіленген.
2020 жылдан бастап бұл нормалар барлық елді мекендерде күшіне енеді.
Салықтық және салықтан тыс басқа да түсімдердің 7 түрі, сондай-ақ шығындардың 19 бағыты ауыл бюджетіне берілді.
Бұл жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін халықты тартуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар мемлекеттік органдар нақты уақыт және жедел жауап беру режімінде азаматтардың ескертпелері мен ұсыныстарын есепке алу үшін заманауи цифрлық технологияларды қолдануға тиіс.
Мемлекет пен компаниялар жаңа технологияларды енгізе отырып, өз ақпараттық жүйелері мен құрылғыларының берік қорғалуын қамтамасыз етуі керек.
Бүгінде киберқауіпсіздік ұғымы тек ақпаратты ғана емес, сонымен қатар өндірістік және инфрақұрылымдық нысандарды басқару тетігін қорғау дегенді де білдіреді.
Осы және өзге де шаралар Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында көрініс табуға тиіс.

ТОҒЫЗЫНШЫ. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.
Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді.
Көп жұмыс істеліп жатыр.
Соңғы 3 жылда ғана жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталды.
Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде келтірген залалы өтелді.
Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады.
Атап айтқанда, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс.
Сот және құқық қорғау жүйелерін институционалды тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылуда.
Заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғау ісін күшейтуді, оның әсіре қатаңдығын бәсеңдетуді көздейтін нормалар енгізілді.
Адвокаттардың құқықтары мен сотқа дейінгі сатыдағы сот бақылауының аясы кеңейді.
Құқық қорғау органдарының өкілеттігі мен жауапкершілік шегі айқындалды.
Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет.
Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу керек.

ОНЫНШЫ. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.
2018 жыл – елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл.
Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы – баршамыздың ортақ мақтанышымыз.
Заманауи технологиялар жылдам өсіп келе жатқан мегаполистің проблемаларын тиімді шешуге жол ашады.
«Смарт Сити» тұжырымдамасы мен қалаға қоныс аударатын адамдардың құзыреттерін дамыту негізінде қалалық ортаны басқаруды кешенді түрде енгізу қажет.
Әлемде инвесторлар үшін қалалар бәсекеге түседі деген түсінік қалыптасты.
Олар елді емес, жайлы өмір сүріп, жұмыс істейтін қаланы таңдайды.
Сондықтан, Астананың тәжірибесі негізінде «Смарт Сити» «эталонды» стандартын қалыптастырып, Қазақстан қалалары арасында озық практиканы таратуды және тәжірибе алмасу ісін бастау керек.
«Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомотивтеріне айналады.
Міне, алдымызда тұрған 10 міндет осы. Бұлар – түсінікті әрі айқын.

Қымбатты қазақстандықтар!
Біз саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасында экономикамызды, саясатымызды және санамызды жаңғыртуға кірістік.
Технологиялық және инфрақұрылымдық тұрғыдан дамудың жаңа кезеңіне тың серпін берілді.
Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы балансты нақтылай түсті.
Біз ұлттық сананы жаңарту үдерісін бастадық.
Бұл базалық үш бағыт Қазақстан жаңғыруының жүйелі үш тұғыры болып саналады.
Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек.