Физика және информатика пән бірлестігі » "Үлгілі" жалпы орта мектебі
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданы білім бөлімінің
"№50 Үлгілі" жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлмесі:
+7 (72534) 5-47-02
Мұғалімдер бөлмесі:
+7 (72534) 6-75-61
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Физика және информатика пән бірлестігі
16
октябрь
2020

Физика және информатика пән бірлестігі

Физика және информатика пән бірлестігі
  

 


 

 Апталықтан өткен іс-шаралардан көрніс

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Информатика пәні мұғалімі Асабаева Шарайнаның 9 "А" сыныпқа 

"Программалау тілі" тақырыбында ашық сабақтан көрініс

 

 

 

 

 


 "Үздік мұғалім - 2018" байқауының қатысушысы Асабаева Шарайна

 

 

 

 

Информатика пәнінен мектеп бітіруші түлектер арасында пәндік олимпиадада 

 

 

Бердібек Ерболат білім гранты иегері


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

Джумабеков Нурсултан 8 сыныптағы ашық сабақ

 

 

 

 

 

 


 


 

 

 Информатика пәні мұғалімі Н. Сексенбаевтың 

 

апталықта өткен "Интел еліне" саяхат  атты 

 

сайыс сабақ


9 - сыныптар


 

 

 

 

 

 

«Үлгілі» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 



 

 

 

 


Тақырыбы:   «Булану және конденсация»

Сынып: 8 «А»

 

 

 

                                        Пән мұғалімі: Н.Жұмабеков

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы:  «Булану және конденсация»

Сабақтың мақсаты:  

1. Булану және оның түрлері, кебу, конденсация,  сұйықтың кебу жылдамдығы, қаныққан және қанықпаған  булар бойынша түсінік беру. 

 

2. Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қолданып өз ойын айта білуге , жүйелі түрде ойлауға ,ізденуге  бағыттау , білімге деген құштарлығын арттыру

 

3. Алған білімдерін тиянақтай отырып , тапқырлыққа  ізденіп шешім қабылдауға , ауызбіршілікке , ойын жинақтай білуге  еңбексүйгіштікке  тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың типі:аралас

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап   

Сабақтың көрнекілігі:  электронды оқулық , №42-47 сурет, №5 кесте  

Пәнаралық байланыс:  биология, география, химия

   Сабақтың ұраны: «Ұшқыр ойдан, ұтымды жауап»

Сабақтың барысы:

 

І.Ұйымдастыру кезеңі

         Оқушыларды екі топқа бөлу: «Джоуль»   және  «Ломоносов»

           Әр топқа бағалау парақшаларын тарату

 

ІІ. Ұй жұмысын тексеру 

 Заттың агрегаттық күйлері

Қатты денелердің сұйықтықтардан айырмашылығы неде? Газдан ше?

Қандай жағдайда дене балқиды? Қатаяды?

Меншікті балқу жылуы дегеніміз не?

 Массасы  кристалл денені балқу температурасында сұйыққа айналдыру үшін қажетті жылу мөлшерін қандай формуламен есептеуге болады? 

(екі топ бір-біріне сұрақ қояды)

ІІІ. Жаңа сабақ  (тақтадан әріптердің орны ауыстырылып беріледі, сол әріптерді орны-орнына қойып, жаңа тақырыптың мазмұныны ашу)

 

Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар

1-тапсырма: І топқа «Булану, қаныққан булар бойынша »

ІІ топқа «Конденсация, қанықпаған булар бойынша» сұрақтар беріледі. Топтағы оқушылар өз жауаптарын айтқаннан кейін, оған көз жеткізу үшін тақтадан дұрыс жауабы шығарылады. Оқушылар өздерінің берген  жауаптарын салыстырады. 

        

 

Сұйықтың буға айналу құбылысын булану деп аталады. Сұйықтың бетінде жүретін булану кебу деп аталады.

Булану процесінде сұйықтың бетінен ұшып шыққан молекулалардан бу түзіледі. Сұйық молекулаларының кез келген бағытта еркін қозғалады.  Бұл -  заттың қатты күйінде молекулалары арасында болатын байланыстың үзілуінің салдары. Бірақ сұйық молекулаларының арасында үлкен тартылыс күштері сақталады.

Шапшаң қозғалатын молекулалардың біразы сұйықтан ұшып шығып кетеді, демек, сұйықта қалған молекулалардың орташа кинетикалық энергиясы кемиді. Осыған сәйкес кебетін сұйықтың температурасы да төмендейді. 

Булану жылуды жұтумен қатар жүреді. Будың сұйыққа айналу құбылысы конденсация  деп аталады. 

Кебу кезінде қанша жылу жұтылса, будың конденсациясы кезінде бірлік массаға сай сонша жылу бөлінеді. Сұйықтың температурасы неғұрлым жоғары болса, онда булану соғұрлым тезірек жүреді.  Сұйықтың булануы және конденсациялану қатар жүретіндіктен, жабық ыдыстағы сұйықтың массасы өзгермейді. Сұйықтың тек беті кебеді. Беттің ауданының үлкеюі кебу жылдамдығын арттырады және сұйықтың тезірек кебуіне мүмкіндік береді. 

Уақыт бірлігінде сұйықтан ұшып шыққан молекулалардың саны, сол уақыт ішінде оған қайта оралған молекулалардың санына тең болатын сәт туады. Бұл күй бу мен сұйықтың динамикалық тепе-теңдігідеп аталады.  

Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын буды қаныққан бу деп атайды. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болмайтын, яғни қанығуға жетпеген буды қанықпаған будеп атайды. 

Әр түрлі сұйықтардың буымен динамикалық тепе-теңдігі будың тығыздығы әр түрліболғанда орнығады. Қаныққан будың қасиеттері қанықпаған будың немесе газдың қасиеттеріне өзгеше. Қаныққан будың қысымы, оның алып тұрған көлеміне байланысты еместігі тәжірибе арқылы анықталды. 

ІІ тапсырма:ойлан –тап сұрақтары

 Неліктен ыстық шай үрлегенде тез суиды?

Жайылған кір мен шабылған шөп неге жел болғанда тез кебеді?

 Өзенге шомылып, жағаға шыққанда салқынды сеземіз?

Ылғал ағаш құрғақ ағашқа қарағанда отта баяу жанады. Себебін түсіндіріңдер.

 

ІІІ тапсырма:ыстық орындық ұйымдастыру. (әр топтан бір адамнан шығын ыстық орындыққа отырады. Екі топ бір-біріне сұрақ қояды.)

      ІҮ тапсырма: сөзжұмбақтар шешу

ІV . Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

Қандай құбылысты булану деп атайды?

 Қай кезде булануды кебу деп атайды?

Сұйықтың кебу жылдамдығы неге байланысты?

 Қандай буды қаныққан бу деп атайды? Қанықпаған бу деп ше?

 Қаныққан будың қысымы көлемге, температураға, затқа тәуелді ме?

 Егер аздаған суы бар жабық ыдысқа су буын жіберсе, онда не болады?

 Әр кезең бойынша топ басшысы бағасын қойып отырады

 VI Бағалау (Әр кезең бойынша топ басшысы формативті бағасын қойып отырады, кезеңдер аяқталғаннан кейін  жалпы бағасын шығарады. ) 

VIІ Үйге тапсырма беру.  §15-16    Оқып келу 

 

 

 

 

 

 

 


 

 Информатика пәні мұғалімі Ж.Қайырбекованың 

 

апталықта өткен ашық сабақ


 

 

 

 

 

 

 

 


 

 Информатика пәні мұғалімі Ш.Асабаеваның

 

апталықта өткен ашық сабақ

 

 

 

 

 

 

 


 

 


Ашық есік күнінде өткен Ғылыми жобалар таныстырылымынан "Сарқылмас энергия" 11 сынып оқушысы Амантай Бекзат, жетекшісі Джумабеков Нурсултан



Ашық есік күнінде өткен Ғылыми жобалар таныстырылымынан "Робот құрастыру" 6 сынып оқушысы Орынбай Айтуған, Мыңбосын Аслан жетекшісі Княз Тұрар


"Техникалық шығармашылық" облыстық байқауынан көрініс
Жетекшісі Княз Тұрар


"Үздік ғылыми жоба" аудандық байқауынан 1 дәрежелі диплом 
6 сынып оқушысы Мыңбосын Аслан, жетекшісі Княз Тұрар


Түркістан облысы білім басқармасы "Зерде" балалар шығармашылық жобаларымен зерттеу жұмыстары конкурсы ІІІ дәрежелі дипломымен 6 сынып оқушысы Мыңбосын Аслан, жетекшісі Княз Тұрар



"Үздіктерді марапаттау - 2018" мектеп ұйымдастырған марапаттау кеші Үздік нәтиже көрсеткені үшін Мыңбосын Аслан, Орынбай Айтуған және жетекшісі Княз Тұрар алғыс хаттармен марапатталды



Түркістан облысының білім бөлімі ұйымдастырған RoboFesTurkestan фест жарысының қорытындысы бойынша Кегельринг - квадро санаты бойынша ІІ дәрежелі диплом, топтық кезең бойынша І дәрежелі дипломмен Княз Тұрар марапатталды





      «Үлгілі» жалпы орта мектебінің 5-8 сынып оқушылары «Балдаурен-Қапшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында 4-6 маусым күндері 2-8 сынып оқушыларына арналған «Балдаурен білгірі-2019» Республикалық зерттеу жұмыстары мен әлеуметтік жобалар байқауына қатысып, білім біліктілігінің арқасына  жеңіс тұғырынан көріне білді. «Ғаламшар ғажайыптары» бағытында 8-сынып оқушысы Сәрсехан Жаңыл І дәрежелі дипломмен, «Ақпараттық технологиялар» бағытында 6-сынып оқушысы Мыңбосын Аслан І дәрежелі диплом  иеленді. Жеңімпаздарды Мақтаарал ауданының білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы М.Бабашев арнайы құттықтап, өрісі кең өрендердің өмірлеріне сәттіліктер тіледі.





№50 «Үлгілі» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің информатика пәні мұғалімі Қосанова Роза және Мергенбаева Нұрсұлу  6 «Б» сыныбына «Информатика жұлдыздары» тақырыбында сыныптан тыс сайыс сабағын өткізді. Сайыс барысында оқушылар екі топқа бөлініп, өзара білімдерін сынасты. Оқушылардың информатика пәніне деген құштарлықтар артып, жоғары дәрежедегі білімдерін көрсетті. «Информатика жұлдыздары» сайысында өз білімімен жұлдыз болған оқушылар анықталып, бағалы силықтармен марапатталды.

№50 «Үлгілі» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің информатика пәні мұғалімі Қайырбекова Жаңылай 10 «Ә» сыныбына «Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында «Дөңгелек үстел» сабағын өтті. Сабақ барысында оқушылар өз ойларын терең қозғап интернеттің пайдалы және зиянды жақтарын талқылады. Интернеттің пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда, оның зияны да аз емес. Оның ең бірінші зияны – тәуелділік. Сабақ барысында осы тәуелділікке жол бермей, тек пайдалы мақсатта ғана қолдану керектігін оқушылар ұғынды.


№50 «Үлгілі» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің информатика пәні мұғалімі Қосанова Роза және Мергенбаева Нұрсұлу  6 «Б» сыныбына «Информатика жұлдыздары» тақырыбында сыныптан тыс сайыс сабағын өткізді. Сайыс барысында оқушылар екі топқа бөлініп, өзара білімдерін сынасты. Оқушылардың информатика пәніне деген құштарлықтар артып, жоғары дәрежедегі білімдерін көрсетті. «Информатика жұлдыздары» сайысында өз білімімен жұлдыз болған оқушылар анықталып, бағалы силықтармен марапатталды.


№50 «Үлгілі» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің информатика пәні мұғалімі Жандарбекова Жанар 6 «А» сыныбына «Сымсыз желілер» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты оқушыларға сымды желі мен сызсыз желілердің артықшылықтарын түсіндіру. Сабақ барысында оқушылар өз ара пікір талас, ашық және жабық сұрақ тапсырмаларын  топ ішінде орындап сабаққа белсене қатысты. XXI ғасыр технологияның дамыған заманы. Оқушылар сабақ соңында сымсыз желінің адам үшін қаншалықты пайдалы екенін ұғынды.
Мектебімізде  қараша айының 15 мен 20.11.2021ж аралығында информатика пәні апталығы болып өтті. Апталықтың іс- шара жоспары жасалып бекітілді. Апталықтың жоспарына сәйкес информатика пәні мұғалімі Ж.Жандарбекова 9 А сыныбына «Excel кестелік процессорында мәліметтер қорын құру» тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылармен ынтымақтастық атмосферасын құрып, топқа бөлді. Сабақ барысында интерактивті тақтадан Excel кестелік процессорында деректер базасын толтыруды түсіндіріп, көрсете білді. Оқушыларға тәжірибелік тапсырмалар берілді. Сабақ соңында кері байланыс жасалды. Оқушылар сабақтан алған мәліметтерімен өз ара бөлісті.


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Үлгілі" жалпы орта мектебінде ұйымдастырылған "Жаратылыстану - математикалық бағыттағы үздік пән мұғалімі" байқауында 1 - орын жеңіп алғаны үшін  физика  пәні  мұғалімі  Джумабеков  Нурсултан Онгарбекулы І дәрежелі Дипломмен марапатталды.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Emiliotom
30 мая 2021 03:15
заказать шары с доставкой

----

Вот о чем я вам хотел сказать сейчас

----


регистрация в Слотс Сити Украина

----

Сколько нужно, все бери

----


займы онлайн на карту без отказа
PatrickLep
11 июня 2021 18:37