Бастауыш сынып пән бірлестігі
Қыдырбекова Айнұр апайдың "Шаңырақ отбасы тірегі" сайыс сабақ
Бекназарова Салтанат апайдың "Дарынды тапқыр оқушылар" сайыс сабақ
Ұлықбекова Айжан апайдың "Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем" ашық сабақ
Құмсанбаева Сауле апайдың "Жақсылық пен жамандық" ашық тәрбие сағаты
Шынтаева Күлшат апайдың "Денеге қалай күтім жасаймыз?" ашық сабақ
Мамытова Хайриниса апайдың "Білімпаз балапандар" сайыс сабақ
Мырзатаева Халия апайдың "Білімді шығар биікке" сайыс сабақ
Кенжаева Зинура апайдың "Қосу мен азайту" ашық сабақ
Каримова Гаухар "5 -ке көбейту және бөлу" ашық сабақ
"Үлгілі" жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Қыдырбекова Айнұрдың әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабағы
2016-2017 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Сын есім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін еске түсіру, тереңдету,бекіту.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын , шығармашылық қабілетін, сауатты әрі көркем жазу дағдысын жетілдіру, дамыту.
Тәрбиелігі: Тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тілді құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер, сызбалар.
Әдісі: СТО стратегиялары, топпен жұмыс, шығармашылық тапсырма.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
Топқа бөлінеді
1 топ-қызыл гүл
2 топ –сары гүл
3 топ –көк гүл
4 топ –ақ гүл
Ынтымақтастық атмоферасы
1) "Досым қандай?" тренингі
Әр оқушы досының атының бас әрпінен басталатын сын есім айта отырып таныстырады. Мысалы: Әдемі Әйгерім
2) «Желпуіш » әдісі бойынша ой қозғау.\ереже қайталау\
3) «Жұптық жұмыс» арқылы бір -бірінің үй тапсырмасын тексереді
418- жатттығу
Сергіту сәті
II. Мағынаны тану
4) 422-жаттығу
Жұмбақты оқы, шешуін тап. Сын есімдерді тап.
Жауабы: күнбағыс
5 ) "Менің бағытым” ойыны
1. тәтті ағаш
2. түзу адам
3. тегіс қант
4. суық қоян
5. сұр су
6. ақылды жер
6)423-жаттығу
Сұрақтардың орнына тиісті сөздерді қойып көшіріп жаз
1.Әселдің (қандай ?)көйлегі бар. 2.Мен (қандай ?) кітап оқыдым.3. Бізге (қандай ?) оқушылар көмектесті. 4. Ауылда (қандай ?) үйлер көбейді.
7) Семантикалық карта
Не? | Түсі | Көлемі | Дәмі | Пішіні |
қарбыз | жасыл | үлкен, кіші | тәтті | дөңгелек |
тұз | ақ | ұсақ | ащы | дөңгелек |
құрт | ақ | кіші | ащы | дөңгелек |
8) Ой толғаныс
424– жаттығу.
Сын есімдерді үлгі бойынша мағынасына қарай топтастыр
Үлкен,ірі,қоңыр,жасыл,домалақ, қышқыл, ащы,ұсақ, боз, күлгін, дәмді,тәтті, сопақ.
Түс Дәм Көлем Пішіні
қоңыр қышқыл үлкен домалақ
жасыл ащы ірі сопақ
боз дәмді ұсақ
күлгін тәтті кіші
III.Қорытынды
9) Шығармашылық жұмыс
Торкөздерге Асыл қандай оқушы екенін анықтайтын сөздер тауып жаз. Сондай оқушы туралы әңгімеле.
IV.Бағалау
10) Табыс критерийі арқылы бағалау
Табыс критерийі.
Ереже айту
Жұмбақ
шешу Тақтамен Топпен
жұмыс жұмыс Шығармашылық
жұмыс
«Үлгілі» жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ормандағы оқиға
4Ә сынып Қыдырбекова Айнұр
"ӘН КӨҢІЛДІҢ АЖАРЫ" 1 сыныптар арасында ән байқауы ұйымдастырылды.Байқаудың мақсаты жас бүлдіршіндердің бойындағы таланттарын байқау болды.Байқау соңында жеңімпаздарды силықтармен мараппатады.
"Адамды адаммен, халықты халықпен теңестіретін-білім" деп М Әуезов айтқандай егемен елдің болашағын өркендететін бала бойындағы дарындылық пен талантын ашатын ұстаз.Осы мақсатқа орай "Үлгілі" жалпы орта мектебінде әдістеме бірлестік мүшелерімен тәжірибелер алмасу мақсатында бастауыш әдістеме бірлестігінің жетекшісі А.Қыдырбекова және бастауыш сынып мұғалімі Ұлықбекова Айжан "Дарынды шәкірт-беделді ұстаздан " тақырыбында әңгіме-дебат өткізді.
Дебатта тәжірибелі мамандар мен жас мамандар өз ойларын ортаға салды.
Дебат жоғарғы деңгейде өтілді.
"Үлгілі"жалпы орта мектебінің 3 сыныптар аралығында қысқы демалыс кезінде"Менің сүйікті ақыным!" атты қашықтықтан мәнерлеп оқу байқауын өткізді.Мақсаты: оқушылардың демалыс кезінде өздері ұнатқан ақын-жазушылардың өлеңдерін жаттап,мәнерлеп оқу.Байқау қорытындысы бойынша жүзден жүйрік шыққан оқушылар 3"А" сыныбынан Мыңбосын Мейіржан,3 "Ә" сыныбынан Төлеп Айару, 3 "Б" сыныбынан Шаймерден Сағи, 3"В" сыныбынан Торехан Әлинұр
"Үлгілі" жалпы орта мектебі мектеп алды даярлық тобының ұстаздары бастауыш сынып оқушыларымен "Жолда жүру ережесін білесің бе?" тақырыбында сұрақ-жауап жұмыстарын жүргізді.Оқушыларға көңілді әсер қалдыру үшін керемет сыйлықтар үлестіріп отырды.
"Үлгілі" жалпы орта мектебі мектеп алды даярлық тобының ұстаздары бастауыш сынып оқушыларымен "Жолда жүру ережесін білесің бе?" тақырыбында сұрақ-жауап жұмыстарын жүргізді.Оқушыларға көңілді әсер қалдыру үшін керемет сыйлықтар үлестіріп отырды.
МАД "Ә" сынып тәрбиеленушілерімен ашық сабақ өтілді.
Сөйлеуді дамытудан "Көлік және оның түрлері "
Тәрбиеші:Әбіл Күлімай
2022 - 2023 оқу жылы
4"Ә"сынып "Күз-береке,Күз-мереке"тақырыбында тәрбие сағаты. Оқушылар "Күздің кереметі" атты қолөнер көрмесін ұйымдастырды