Ата-аналар құқығы мен міндеттері
№ | Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері |
1 | Мектепттің қоғамдықөміріне қатысуға |
2 | Ата-аналар комитетінің мүшесі болуға құқылы |
3 | «Білім туралы» Заңда, отбасы кодексінде, мектеп Жарғысында сонымен қатар, басқа да нормативті – құқықты актілерде көрсетілген ата-аналар міндеттерін орындауға міндетті |
4 | Ата-аналар комитетінің іс-шараларына қатысып, мектеп әкімшілігі және педагогикалық ұжыммен бірігіп жұмыс жүргізуге |
5 | Баласының сабаққа кешікпеуін, сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауға |
6 | Мектеп жарғысына сәйкес оқушының мектеп формасын сақтауын қадағалауға |
7 | Баланың сабақтан тыс ісшараларға үйірме және секцияларға, мектепішілік олимпиадаларға, жарыстарға қатысуын бақылауға алуға |
8 | Оқушының оқулықты ұқыпты ұстауын қадағалауға |
9 | Егер бала мектеп мүлкін бүлдірсе (оқу-зертханалық және басқа жабдықты бүлдірсе, оқулығын жоғалтса және т.б.) көрсетілген шығынды белгіленген тәртіпке сәйкес қалпына келтіруге |
10 | Баланы сабақтан бос уақытында және демалыс кездерінде қараусыз жіберіп,тәртіпсіздік жасауына жол бермеуге, баланың уақытын үнемді, мақсатты пайдалануын ұйымдастыруға |
11 | Баланың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүруіне, денсаулыққа байланысты зиянды заттарды пайдаланбауын қадағалауға |
12 | Ата-аналарға арналған іс-шараларға, ата-аналар жиналысына белсене қатысуға |
13 | Балаға қоғамдық жерлерде жүру тәртібін үйретуге |
14 | Балаға сағат 21.30 дан бастап, далада жүруіне тыйым салуға |
15 | Баланың салауатты өмір салтына сәйкес өмір сүруіне жағдай жасауға |
16 | Баланы кез-келген діни, басқа да жағымсыз әсер ететін ұйымдардан қорғауға міндетті |
17 | Балаға патриоттық, рухани адамгершіліктік тәрбие беруге |